Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
2999 1 пікір 19 Қазан, 2018 сағат 10:51

Алматыда тағы үш бағыттың автобустары жаңарды

Алматыда көлікті реформалау аясында қаланың қоғамдық көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді.

«Алмагүл» елді мекені мен метроның «Райымбек бекеті арасын жалғастыратын №98 бағыт бойынша «City-BUS» жеке тасымалдаушы «МАЗ» маркалы әрі Евро-5 эколгиялық сыныбына сай, төмен еденді 15 автобус сатып алды. Автобустардың сыйымдылығы үлкен, кондиционерлермен жабдықталған және кузовы иілмелі. Жақын күндері Алматыға осындай тағы 35 автобус жеткізіледі.

Өз кезегінде №2 автобус паркі №67 бағыт бойынша қызмет көрсету үшін 17 төмен еденді автобустар алған еді, енді тағы екі бағыттың жылжымалы составын жаңарту жоспарлануда.

«Біз жолаушыларды сонау 90-шы жылдардағы ескі көліктермен тасымалдап келдік.Адамдар үнемі реніш білдіретін. Бағыттарды субсидиялау арқасында біз автобустарды жаңартып, жиілікті 100%-ға қамтамасыз етудеміз әрі жүргізушілердің айлығын 240 мың теңгеге дейін көтердік», - деді компания директоры Шамиль Нуриев.

Бұлардан өзге, «БаТу Travel» компаниясы №102 бағытындағы көліктерді жаңартты, олар Шаңырақ, Акбұлақ, Ұлжан, Өжет, Айнабұлақ елді мекендері мен «Алматы-1» теміржол вокзалын қамтиды. Бағытта сыйымдылығы шағын 18 автобус жүруде, барлығы видеокамералармен жабдықталған.

Айта кетерлігі, Алматыда жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Бағыттарды субсидиялау ережесінің басты талаптарының бірі автобус парктерінің жүргізушілер жалақысын көтерулері болып табылады, соның арқасында өз ісінің білікті мамандары тартылып, сервис сапасы артуда.

Бұрындары Алматы көлік жүйесінің кешенді жүйесін жүзеге асырғаны үшін ақылды қалалар Еуропалық форумының жоғары марапатын иеленді.

Конкурс комитеті Алматының көлік реформасын жүйелі жүргізгенін, қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны ұтымды пайдаланғанын, кірісті көлеңкелі айналымнан шығарғанын, экологияны жақсартуға басымдық бергенін және басқа негізгі критерийлерді жүзеге асырғанын атап өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991