Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2627 0 пікір 11 Сәуір, 2011 сағат 03:20

Мұхтар Шерім. Бетіне рұқсатсыз түкіргеніңіз қалай?

(Саяси сатира)

Түтіп жегісі, жұтып, жалағысы келді. Бірақ жеуге де, жалауға да болмайды. Адамжегіш емес. Ол Қазақстанның Германиядағы елшісі... Алдында айбақ-сайбақ болып тұрған атташе Айранбай Көжебаевқа ашқарақтана қарады.

- Айранбай Көжебаевич, абыройымызды, Қазақстанның абыройын айрандай төктіңіз!

- Кешіріңіз...

- Кешіре алмаймын!-деп ашу деген айғырды ерттеп мініп алған елші айқайлап берді,- Не деген таяз адам едіңіз! Сіз жұмыс істеген бір жыл ішінде не істемедіңіз? Бір қарасам, неміс қыздарымен бірге сағыз шайнап тұрсыз! Саясат санаңызға кірмейді! Енді бір қарасам, көшеде талтаңдап барасыз! Аяқты жиыңқырап жүруге болады ғой, жарқыным! Қатты талтаңдауға бола ма? Шалқайған Көкірековичтің баласы екеніңізді мына Германия халқы біле ме? Әкеңізді құрметтеймін, бірақ сіз бір жыл ішінде мені жындыханаға жат­қызудың сәл алдында тұрсыз! Машинаны құйындатып айдайды екенсіз! Көшеде бутерборд жеп тұрған семіз әйелді қағып кете жаздағаныңызда, ол байғұс асығыс жеймін деп саусақтарын да шайнап тастапты! Сосын бір неміс азаматын тоқтатып алып: «айн, свайн, драйн, енеңді сенің ұрайын!» деп мұрын астындағы мұртын жұлыпсыз... Ол қашып бара жатса да, артынан қуып жетіп, «Сіз Гитлерден аумайды екенсіз!» деп мазақтағаныңызды қалай түсінуге болады?

- Шынында ол Гитлер көкемізден аумайды екен,- деп міңгірледі атташе.

- Гитлерге ұқсайды ма, Шиллерге, жоқ әлде, Эзопқа ұқсайды ма, онда қандай шаруаңыз бар? Мемлекеттік қызмет этикасы деген болады, жарқыным,- деген елші Елшібек Елібаев терезе тұсына келді де, кенет кілт бұрылып:

- Сіз ішімдік ішіп алып, бір лауазымды қызметкердің бетіне рұқсатсыз түкір­геніңіз қалай?-деп сұрады, бірақ жауап күтпестен, бокалдағы апелсин шырынынан ұрттай салып:--кешірім сұраудың орнына «жалғыздық Құдайға ғана жарасқан!» деп екінші мәрте түкіргеніңізді қалай түсінеміз?-деген дегбірсіз ойын қосып қойды.

- Мен оңтүстік жаққа түкіргенмін, солтүстік жақтан жел тұрды да, түкірігімді бұрып әкетіп, сол кісінің бетіне жабыстыра салды...

- Ерегіскендей, екінші мәрте түкіргеніңіз қалай?

- Сосын солтүстік жаққа қарай  повторно түкіргенмін, ол кісі оңтүстік жаққа шығып кеткен екен, батыстан  «тайфун» тұрып... сосын құдай ұрып...

- Саясатта түкіруге болмайтынын есіңізде ұстамаған екенсіз! Саясатта сабырлы болып, келіп қалған түкірікті ішіңізге қарай «түкіре» салуыңыз керек еді...

- Темекі шегіп тұрсам, түкіре беремін... Кешіріңіз...

Елшінің есі шығып кете жаздады. Ел не дейді? Елбасы не дейді? Қазірдің өзінде батыс басылымдары  жарыса жазып жатыр...

- Мәселе түкіруде емес, мәселе қалай түкіруде! Саясатпен түкіру керек еді! Рұхсат сұрап барып түкіру керек еді! Неміс халқы кез-келген нәрсеге алдымен рұхсат сұрап алады. Біздің қазекеңдер сияқты кабинетке кіріп алып: «Кіруге рұхсат па екен?» деп тұрмайды! Ғафу өтінемін, сіз осы қызметке келерде мемлекеттік қызмет этикасы туралы тест тапсырдыңыз ғой?

- Ия.

- Он сұрақтың құрығанда сегізіне жауап берген боларсыз? Қандай сұрақтар келіп еді?

- Айта берейін бе?

- Айтыңыз...

- «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» дегенді қалай түсінуге болады? Қалауын тапса, қар жана ма, өшіп қала ма? Түнде суға түкірме дегенді қалай түсінеміз? Әйел екі қабат кезінде қандай түстер көреді? Бит пен сіркенің айырмашылығы... Тауық неге қыт-қыттайды?

- Жарайды, доғарыңыз! Сізге осындай сұрақтар қойылды ма?

- Ия. «Сұрақтар жеңіл болсын» деп пахан звондаған соң...

- Сізді әлдеқашан қызметтен қуып жіберуіме болар еді. Жас қой, түсінер, ойла­нар дедім. Әкеңізді сыйладым. Бірақ сіз күні кеше ғана елшіліктің балконында тұрып алып, бар даусыңызбен: «Сағындым, әке, исіңді!» деп айқайлағаныңыз қалай? Құрметтім, өзіңіз ойлаңыз, әкеңіз иісін қалай жібереді? Сіз, Айранбай Көже­баевич,  жұртпен мәдениетті амандасудың орнына, «Гутен тахты» әдейі бұрмалап: «Көкем тах, апам тах!» дейтініңіз қалай?  Сіз шетелде жүрсіз, қым­баттым, сізге қарап, қазақ елін бағалайды...

Ол сөзін аяқтап үлгерген жоқ, ұялы телефоны шырылдап қоя берді. Атта­ше­нің әкесі, өзінің досымен сөйлесіп жатты.  Сөйлесіп болды да, шар­ша­ған кейіп­те былғары креслоға отыра кетті.

- Пахан не дейді?-деп сұрады атташе.

- Не деуші еді? Аса құрметпен «сволочым менің!» деп еміреніп отыр! Елге қайт­сын, «сволочымды сағындым» деп отыр, -деген елші атташенің бетіне бір түкірді.

- Мұ-мұныңыз қалай?-деп сұрады анау.

- Әкеңіздің атынан түкіруге ресми рұхсат алдым... қайталайын ба?-дегенде, Айранбай Көжебаевич елшіліктен қаша жөнелді... Қашқанының өзі қызық, талтаңдай безіп барады...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5629