Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
3182 35 пікір 24 Қазан, 2018 сағат 10:55

Жолдаудағы тапсырмаларды орындау: Алматы облысында 6 спорт кешені салынады

Алматы облысында Елбасының биылғы Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда олардың үшеуінің құрылысы қарқын алды, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде спорт нысандарының қүрылысы Қарасай ауданының Райымбек және Шамалған ауылдарында басталды. Ал   Қапшағайда енді  салынады. Бұл нысандардың жалпы құны 8 млрд теңге. Жалпы өңірде 2015-2018 жылдар аралығында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

Конституция күні қарсаңында Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Спорт нысаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып, онда бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика және футбол сынды спорт түрлерімен айналысуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысында спортты дамыту мен халықты салауатты өмір салтын ұстануға тарту бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні өңірде 3 мыңнан астам спортпен шұғылдану орындары мен 37 спорт мектебі қызмет көрсетуде. Жалпы облыс бойынша 500 мыңнан астам адам спортпен тұрақты түрде айналысады.

«Қазіргі таңда 6 жоба мемлекеттік сараптама қарауында жатыр. Ол Қапшағай қаласы, Көксу ауданы, Балпық би, Ескелді ауданы Қарабұлақ, Балқаш ауданы Бақанас, Алакөл ауданы Достық бекеттерінде Мемлекеттік сараптамада жатқан жобалар осы жылы қолдау тапса, келесі жылы құрылысы жүргізіледі», - деді облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Алмат Үшкемпіров.

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992