Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
4433 5 пікір 29 Қазан, 2018 сағат 17:46

Қазақстан Ливанға әскер жібереді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі (БҰҰЛУК) үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Abai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын айтылғандай, Қазақстан 120 сарбазды бітімгершілік мақсатында Үндістанның Ливандағы БҰҰ батальоны құрамына жіберу туралы жоспарланған. Тамыз айының соңында екі ел билігі Таяу Шығыста қазақстандық бітімгершілердің болуы туралы уағдаласқан болатын.

БҰҰ-ның уақытша күштері (UNIFIL, United Nations Interim Force In Lebanon), БҰҰ бітімгершілік күштері Оңтүстік Ливанда (Накура қаласында) орналасқан. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1978 жылғы 19 наурыздағы № 425 қаулысына сәйкес Израильмен шекарада және уақытша мандат әр алты ай сайын  ұзартылып келеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2011