Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 4690 0 пікір 31 Қазан, 2018 сағат 10:57

Серік Қонақбаев АIBA президенттігіне сайлауға түсетін болды

Лозанна – Халықаралық бокс қауымдастығының (АIBA) вице-президенті Серік Қонақбаевтың спорттық арбитражды сотқа (CAS) жіберген шағымы қанағаттандырылып, ол ресми түрде президенттікке үміткер атанды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«CAS пен бұл іске қатысушыларға менің шағымым бойынша әділ шешім шығарғаны үшін алғыс айтамын. Біз келтірген дәлелдерді CAS-тің оң қабылдағанына ризамын. Мен үшін АИБА президенттігіне үміткер атану үлкен құрмет. Енді басшылықты міндетті қолға алып, біздің ұйымымыз бен спортымызды ұлттық федерациялармен бірлесе отырып қайта жандандыратын мүмкіндігіміз бар», - деді Қонақбаев.

«Маған президенттікке үміткер атануға мүмкіндік берді. Әрі қарай Президиумды ұтып алу үшін бар күшімді саламын. Мұны өзім үшін емес, біздің боксшылардың құқығын, олардың Олимпиададағы арманы мен үмітін қорғау үшін істегім келеді. Бұл міндетке үлкен жауапкершілікпен қарай отырып, 3 қараша күні Мәскеуде өтетін сайлауды асыға күтемін. АИБА-ның жарқын болашағы үшін қауымдастықтың барлық мүшелерінен менің кандидатурамды қолдауды өтінемін», - дейді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1454
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5259