Сенбі, 17 Қараша 2018
Әттең... 698 8 пікір 5 Қараша, 2018 сағат 10:17

"Қазақ тілі" қоғамын "Зағиптар қоғамы" деп атауға болады

Көлік жуғызуға келген едім, қайтадан орыс тілді бағдар-жарнамалар алдымнан қарсы алды. Көлік жууға дейінгі түсіндірме жеңілдіктерді де қожайын боп қалған орыс ұлтына арнаған екенбіз. Әлемде біздердей бейшара сорлы халық жоқ болар! Қазақтардың жасап отырған мұндай әрекеттерінен қазақ тілі қайдан оңалып, орыс тілі қайдан құрысын! Біздің Қазақстанда барлық жағдай, барлық жеңілдіктер, барлық ыңғайлылықтың бәрі қазақтан өзге ұлтқа, яғни орыстарға және өзге де шетелдікткерге жасалады екен.

Өздерің ойлап қараңыздар, жарнамалар орыстың жағдайына ыңғайластырылып жазылса, қасындағы кішкентай әріппен сүмірейтіп жазған сенің бейшара тілің кімге керек? Орыс тілінің алдында рухы төменшіктеген сенің шарасыз, құл-бодан тіліңді кім неғылсын? Өз иесі сындырып отырған, қазақтың өзіне керек емес сенің тілің кімге керек сонда? Өзіміз менсінбей, өзіміз құрметтемеген тілімізді басқа біреу құрметтемек пе? Ал егер де, барлық жарнамалар өң қазақ тілінде жазылса, орыс та, өзге шетелдіктерде, амалсыз, өздері үшін сенің тіліңді үйреніп түсінуіне тура келеді. Біз өз ана тілімізді өзгелерге құрметтете білуіміз керек! Тіл деңгейін, биік шыңға шығарып рухын асқақтатуымыз керек! Ал біз керісінше өз ана тілімізді аяққа жаншып, тұншықтырып таптап отырмыз. Себебі, ол орысқұл екеніміздің дәлелі! Осы тіл мәселесінде Жылойлық Қайнарбай Хамза ағамыздың бір әңгімесін айта кетуді жөн көріп отырмын.

Біздер бір кезде Әзірбайжан астанасы Бакуден "кәндісәнер" тасыдық. Баратын жеріміз қағазда "Машина Стройтельный Завод" деп жазылған. Ал біз Бакуді шыр айналып іздеп ондай жерді таба алмадық. Әзірбайжан атаулыдан сұрадық, қай-қайсысыда басын шайқап ондай жердің жоғын айтады, керек болса тіптен жауап бермейді. Ақыры Құдайына қараған біреуі "іздегендерің міне тұр" деп, қасынан сан-сапат өтіп кетіп жүрген бір үлкен зауытты көрсетті. Зауыттың маңдайшасында әлгі қағазда жазылған орыс атауы әзірбайжан тілінде жазылған екен. Амал жоқ, келесіде керек жеріңнің бәрін білетін бір адамнан сұрап алыпәзірбайжан атауымен сұрауың керек екен!

Көрдіңіздер ме, әзірбайжандар өз тілдерін үйренуге мұқтаждық туғызып қойды. Ал біздің сор қазақ ше, әлі күнге дейін жалпақтап, әлі күнге шейін жәдігөйленіп сол орыс тілі үшін, орыс халқы үшін жағдай жасап қызмет көрсетіп отыр. Құлсарыдағы Қазақ тілі қоғамының атауын "Зағиптар қоғамы" десе өте әдемі болады екен. Қазақ десең өзіңе тиеді, бірақ осының бәрін жасап отырған өзіміз емес пе, ағайын! Қашан оянасыңдар? Құлдық сана, боданнан, орыс қамытынан қашан босайсыңдар, орысқұл есектер!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

 

 

8 пікір