Сейсенбі, 20 Қазан 2026
4332 0 пікір 5 Қараша, 2018 сағат 11:42

Шавкат Мирзияев Брюссельге 2019 жылдың басында сапарлап барады

Еуропалық одақтың штаб-пәтері Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Брюссельге сапары 2019 жылдың басында өтеді деп хабарлады. Бұл туралы Еуропарламент депутаты Ивета Григуле-Петерсе мәлімдеді.

1 қарашада Ташкентте "Өзбекстан-ЕО" парламенттік әріптестігінің 14-отырысы қтті. Еуропалық делегацияны Ивета Григуле-Петерсе бастап келді.

"Брюссель сіздердің президенттеріңізді келесі жылдың басында күтеді", – деді ол.

Ивета Григуле-Петерсенің хабарлауынша, ЕО Өзбекстан президентінің Францияға 8-9 қазандағы сапарын мұқият бақылады. "Сапар сәтті өтті", - деді Григуле-Петерсе.

Биыл шілде айында ЕО кеңесі Өзбекстанмен кең әріптестік орнату үшін келіссөздер бастады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1106
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1519