Үкімет отырысы барысында мектепке жақын көшелерден оқушылардың өтуіне еріктілер, студенттер мен ата-аналар көмектесетіні айтылды.
"Қазір жолдардың қауіпті бөліктерінде ішкі істер министрлі кезекшілік орнатты. Бұл жұмысқа ерікті студенттер де тартылады", - делінген хабарламада.
Осындай жұмыстар нәтижесінде биыл балалар мен оқушылардың жол-көлік апаттарына түсуі азайған.
2017 жылы Қырғызстанда жол апаттарынан 907 адам қаза тапты. Олардың 104-і – балалар.
Abai.kz