Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3590 2 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 12:10

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты еуростандартқа көшті

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасы аяқталып, изомерлеу қондырғысы қосылғаннан кейін жоғары октанды бензиндерді шығару көрсеткіші 100 процентті құрады, деп хабарлайды Абай-ақпарат turkystan.kz-ге сілтеме жасап.

Ал моторлы отындардың сапасы Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4 және К5 экологиялық класына жеткізілді. Яғни қазір Еуро-4 және Еуро-5 стандартына сай жанармай мен дизельді отын шығаруда. Күрделі жөндеудің нәтижесінде бүгінде өндіріс көлемі 1 млн тоннаға артып, 6 млн-ға жетті. Мұнымен шектеліп қалмай, жылына 400 мың тонна әуе керосинін де өндіреді. Елімізде шығарылатын мұнай өнімдерінің үштен бірі осы зауытқа тиесілі. Ендігі жерде зауыттың барлық өндірістік процестері бір жерден басқарылады. Мұндағы технологиялар сандық жүйеге көшіріліп, операторлар заманауи автоматтандырылған цифрлық  жүйені пайдалануда. Жаңғырту аясында мұнда 11 технологиялық қондырғы мен жалпы зауыт шаруашылығының 29 нысаны салынған болатын.

«Бұл жобаның мақсаты жоғары октанды бензин алу, дизель отынын өндіру, сығымдалған газды мақсатты пайдалану болатын. Қазір жұмыстың барлығы автоматты түрде жолға қойылған. Біздегі мамандар білікті. Цифрлық жүйемен жұмыс жасай біледі. Зауыттың жұмысын жандандыру үшін жаңғырту қажет. Қазір осының арқасында мазуттан жоғары октанды жанар-жағармай шығарудамыз», – деді Шымкент мұнай өңдеу зауытының №3 цех басшысының орынбасары Мұрат Тапбергенов.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2018