Сенбі, 17 Қараша 2018
588 0 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 15:36

Назар аударыңыз, кастинг!

Қазақ радиосының «Алтын дауысы» – Әнуарбек Байжанбаев, «Сандуғашы» –Сауық Жақанова сынды тұлғалардың ізін жалғайтын «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігіне қарасты: «Qazaq radiosy» «Shalqar», «Astana», «Classic» радиоларының жаршысы атанар, талапты да талантты жасты анықтау мақсатында «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі дикторлыққа кастинг жариялайды!

Астана қаласының қатысушылары үшін кастинг 23 қараша күні сағат 15:00-де Қонаев көшесі 4-ғимаратта орналасқан Қазмедиа орталығында өтеді. Қатысушылар 20 қарашаға дейін kazdictor@gmail.com электронды поштасына жеке төлқұжатының суретін жіберуі міндетті!

Ал, еліміздің басқа аймақтарынан қатысуға ниет білдірген азаматтар кез келген ақынның бір өлеңін (3мин) және ақпараттық мәтінді (1мин) оқып mp3 форматта, өңдеусіз kazdictor@gmail.com поштасына жіберуі керек. Аудиомәтіндер жақшада көрсетілген уақыттан аспауы тиіс. Кастингке түскен материалдарды іріктеу уақыты қарашаның 1-і мен 20-сы аралығы, 23 қарашада қорытындыланады. Сондай-ақ, қатысушылар төлқұжатының суретін де (екі жағы) жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға жіберуі керек.

Кастингке 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

Қатысушының көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударылады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 75 73 12, 8 (7172) 75 72 90

Үміткерлерге сәттілік тілейміз!

 Abai.kz

0 пікір