Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
3111 0 пікір 7 Қараша, 2018 сағат 10:32

Алматыда 1,3 мың адам жұмысқа орналастырылады

Әлеуметтік қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша жиын өткізді. Басқосуда әлеуметтік мәселелер —жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеру, ұжымдық келісім-шарт жасау туралы айтылды, деп хабарлайды "Алматы ақшамы" газеті.

Әлеуметтік жағынан аз қамтыл­ған 1,3 мың маманға жаңадан тұрақ­ты жұмыс орны құрылатыны ай­тылды. Бұл –  мүмкіндіктері шектеулі адамдар, зейнетке дейінгі жастағы тұлғалар және жастарға арналған жұмыс. Бұлардың барлығы жастар тәжірибе­сінен өткен, қалалық Жұ­мыс­пен қамту орталығына жүгін­геннен кейін қоғамдық және әлеу­меттік жұмысқа тартылды. Оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бірқатар ұйымдар тұрақты жұмыс орындарын құрады.

Жалпы, жыл сайын қысқа мер­зімді курстардан 1 мыңнан 1,5 мың адамға дейін қабылданады. Оқыту 50 мамандық бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, «Шаштараз ісі», «Тігін ісі» және т.б. Мамандық ерекшелік­теріне негізделген, курстың ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін созылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2011