Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
3801 2 пікір 7 Қараша, 2018 сағат 10:48

АҚШ билігі Ресейдің сайлауға ықпал етуге тырысатынын ескертті

АҚШ ішкі істер департаменті, Әділет министрлігі, Федералдық тергеу бюросы және Ұлттық барлау директорының кеңсесі 6 қарашада Конгресс аралық сайлау қарсаңында бірлескен мәлімдеме таратты.

АҚШ сайлауларға сырттан - Ресейдің, Қытайдың, Иранның немесе басқа бір мемлекеттің араласуына төзе алмайды, делінген мәлімдемеде.

Қазіргі таңда америкалық арнайы қызмет сайлау инфрақұрылымдарын бұзуға талпынғаны туралы ешқандай мәлімет бере алмайды. Бірақ америкалықтар әсіресе Ресейдің қоғамдық ой-пікірге ықпал етуге талпынуы мүмкін екенін ескеру тиіс.

АҚШ америкалық сайлауларға араласқан құрылмдар мен шетел азаматтарына санкция енгізуді көздеп отыр. Қазір Вашингтон Ресейдің 2016 жылғы президент сайлауына араласқан-араласпағанын зерттеп жатыр. ​Шілде айында арнайы прокурор Роберт Мюллер Ресейдің 12 азаматын айыптап, олар АҚШ Демократиялық партиясының серверін бұзған, басқа да кибершабуылдар жасаған деп хабарлады.

Сейсенбі күні АҚШ-та Конгреске аралық сайлау өтеді, соның негізінде Республикалық партия Өкілдер палатадағы көп орынды сақтап қалу-қалмауы белгілі болады. Азаматтар Өкілдер палатасының 435 мүшесін, 35 сенаторды, сонымен бірге штаттардың алты мыңнан астам заң жиналыстарын сайлауды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2011