Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әлеумет 10275 57 пікір 7 Қараша, 2018 сағат 11:12

Қазақ, қайда барасың?

Қазақты бір құртса «жақсысын – асыр,  жаманын – жасыр» деген сөз құртады. Бұл кәдімгі Крыловтағы "өгіз боламын" деп мақтанып-мақтанып, ісініп жарылып өлген бақа сияқты бол деген сөз ғой.

*   *   *

Осы бір «Мәңгілік ел» деген сөз де қазақты ұраншыл, лепірме, даңғой, дақпыртшыл, ішкен-жегеніне, той-томалақ, ас-садақа өткізгеніне, басында үйі бар, қарны тоқтығына мәз ұлтқа айналдыру үшін сайқал, билікке жағымпаз салдақы саясаткер-сымақтардың ойлап тапқан ақымақи сөзі. Әйтпесе, немене, анау азуы алты қарыс Америка, Украинаны 2-ге, Молдавияны 2-ге бөліп, "Казахстан – исконно русская земля" деп зәрін шашып, әлсін-әлсін дүниені дүрліктіріп отырмаса, ішкен "русская водкасы" бойына сіңбейтін Ресей, құмырсқадай қаптаған қалың Қытай, тіпті, қазір 35-млн-ға жетіп қалған тілі бір, діні бір, салт-дәстүрі бір Өзбекстан т.б. елдер мәңгілік емес «уақытша елдер ме екен?. Қазақты  осындай бас-көзсіз, сөзіне жауап бермейтін мақтаншақтық құртып тынатын шығар, сірә! Мұндай мақтаншақ ұлт тілім не боп барады, ата-бабамнан мирасқа қалған жер ту-талақай болды ғой, мына кішкентай сәбилерімнің ертеңі бұлыңғыр болып тұр ғой дегенді ойлауға қабілетсіз мәңгүрт күйге түсетінін биліктегілер жақсы біледі. Билікке керегі де сол.

*    *   *

Қазақстанның иелері Кремльде отыр. Астанадағылар – солардың атқарушы-орындаушылары. Бүгінде Қазақстан билігінде отырғандар  әйтеуір бір күні не өлі, не тірілей кетер-ау. Бірақ Ресей, Кремльдегілер бұлардың орнына бұлардан өткен қолбала орындаушыларын әлдақа-ш-ш-ш-а-ан даярлап қойған. Қазақты жер бетінен жойып бітіретін бір мемлекет болса,  ол – Ресей, бір ұлт болса, ол –орыстар . Өйткені, жойылып бітетін ұлттың ең әуелі тілі шұбарланады, олар бір-бірімен отарлаушы елдің тілінде сөйлесетін болады. Бұл ғылымда да, тарихта да дәлелденген. Соны біле тұра қазақ сорлы әлі күнге орысша сөйлесек мықты, күшті, білімді боламыз деп ойлайды. Қазір орысша сөйлеуді «мода» қып алған екі-ақ ұлт бар, жер бетінде. Олар қазақтар мен чукчалар.

*    *  *

Қазақты «Елімізде тыныштық. Шүкір» деген сөз тіркесі де құртып барады. Елінен де, жерінен де, жер-суының қазынасынан да, салт-дәстүрінен т.б. ұлттық бет-бейнесінен айрылғанын, үйіндегі кішкентай сәбилері шетел компанияларының болашақ құлдары екенін, ана тілі шұбарала, орысшаның аударма тіліне айналған тіл екенін, ал дінін арнаулы қызметтер шетелдердің тапсырмасымен бөлшек-бөлшек қылғанын түсінбей, түсінсе де «елімізде тыныштық, шүкір», «Украиндар жаман» деу нағыз «медленная смертьке», яғни, білдірмей, байқатпай келетін ажалға әкеле жатқанын түсінбей жүрген неткен милау, сөйте тұра неткен мақтаншақ ұлтқа айналдырды бізді 28 жыл ішінде?!

Мырзан Кенжебай

Abai.kz

 

57 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3274
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5711