Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
3566 0 пікір 7 Қараша, 2018 сағат 15:10

Президенттер Қызылжарда кездесіп, туризм мәселесін талқылайды

8-9 қарашада Қызылжарда Қазақстан және Ресей президенттері кездеседі. Аталған кездесудің шеңберінде бірқатар екіжақты келіссөздер ұйымдастырылмақ.

Атап айтқанда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Туризм және индустрия комитеті 8-9 қарашада «Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістер» атты Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастығының  XV-Форумын өткізеді.

Құмар Ақсақалов тізгінін ұстаған Солтүстік Қазақстан облысында, соның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Птуин жолығады деп күтілген Қызылжарда қызу дайындық жүріп жатыр.

Қызылжарда өтетін президенттер кездесуіне арнайы жаңа оқушылар сарайы салынған. Жаңа ғимаратта 9-қараша күні Н.Назарбаев пен В.Путин кездеседі. Бұл жерде пленарлық отырыс өтеді.

Айтпақшы, бұл ғимараттың құны 3,6 миллиард теңге. Бюджеттен осынша қаражат бөлінген.

Ал IT құрылғыларға ұзын-ырғасы 2 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Барлық техникалар  АҚШ, Германия, Италия, Қытай мен Ресейден алынған. Былайғы күндері бұл сарайда 67 үйірме жұмыс жасайтын болса, күн сайын 300 оқушыны қыбылдауға қауқарлы, дейді форумды ұйымдастырушылар.

Айтпақшы, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қызылжарда кездесіп, өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізеді деген ақпарат бұған дейін 2016 жылы тараған. Тіпті, ол кезде мембюджеттен тиісті қаражат бөлініп, дайындық жұмыстары жүргізіле бастаған. Алайда, кездесу орны ауысып, президенттердің бас қосуы Астанада өткен.

Ал осыған дейінгі өңіраралық ынымақтастық форумы былтыр Ресейдің Челябі қаласында өткен болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2007