Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2067 0 пікір 18 Сәуір, 2011 сағат 05:18

Сәкен Есіркепов. Қытай болашақтың қамын қазірден ойластыруда

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап әлемде Қытай фобиясы жайлы қауесеттер кең тарай бастады. Бұл негізсіз де емес еді. Өйткені бір миллиардтан аса халқы, тарихы тереңге тартқан мәдениеті, империялық амбициясы бар жұңголықтар қазіргі таңға дейін әлемнің екінші алып державасына айналып үлгерді. Бұған ел экономикасының жылына 10 пайызбен қарыштап отырғанын да қосыңыз. Оптимистік гипотезалар Қытайдың 2025 жылдан кейін-ақ әлемнің бірінші экономикасына айналатынын көрсетеді. Біз Қытай экономикасы дамуының сан-саласын талдағалы жатқан жоқпыз. Тек қытайлықтардың инициативасымен құрылған «Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолы» мен «Бейжің-Лондон темір жолы құрылысы жобасы» жайлы аз-кем ой тарқатсақ дейміз. Өйткені бұл жобалар Қытайдың болашақты көксеген саясатынан хабар береді.

ХХІ ғасырда құрлық жолдарының маңызы артады деуге негіз бар. Бұған мысал ретінде құрлықты оңды-солды кесіп салынған темір және тас жолдарын, сондай-ақ құбыр жолдарын атауға болады. Қытай Халық Республикасының бастамасымен «Қарақорым», «Батыс-Қытай-Батыс Еуропа» тас жолдары салынуда. Соңғысының Қазақстан территориясы арқылы өтуі елдің транзиттік маңыздылығын арттырып отыр. Кедендік одақтың құрылуы да осы жолдың үдесінен шығуда десек қателеспейміз. Өйткені батыстан-шығысқа жеткізілетін жүк ұлан-ғайыр аймақты кедергісіз өтуі қажет.

Қазақстан-Қытай арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 20 млрд. АҚШ долларынан асты. Ресей-Қытай тауар айналымы да өткен жылдың қорытындысы бойынша 60 млрд. АҚШ долларын бағындырды. БРИКС елдерінің кездесуінде Ресей Президенті Д. Медведев Ресей-Қытай тауар айналымын алдағы жылдары 100 млрд. АҚШ долларына жеткіземіз деді. Осынау сауда қатынастарында «Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолының» маңызы артпақ. Бұл жол арқылы Еуропа-Қытай тауар айналымының бір парасы да ағылады деуге негіз бар. Өйткені осы кезге дейін Қытай мен Еуропа елдері арасындағы сауда теңіз жолы арқылы жүзеге асырылып келеді. Қытай портынан шыққан кеме Еуропаға жеткенше 40-45 күнді алады. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолы» Қытай мен Еуропа арасындағы тауарды 10-12 күнде жеткізеді деп жоспарлануда. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Еуропа мен Қытай арасындағы тауар айналымы 500 млрд. АҚШ долларын құраған. Бұл тауардың белгілі бір бөлігі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолы» арқылы тасымалданса транзиттік үлесі ретінде Қазақстанға пайдалы болмақ. Дегенмен, бұл өз кезегінде Қытай ықпалының артуын жоққа шығармайды.

Соңғы кездері «Бейжің-Лондон темір жолын» салу жайлы да мәселелер көтеріле бастады. Сағатына 380 шақырымды бағындыратын жүрдек пойыз 17 мемлекеттің территориясынан өту арқылы Бейжіңнен Лондонға дейін 48 сағатта жетеді деп күтілуде (Осы жылдың басында соңғы үлгіде жабдықталатын жүрдек пойыз жолын Астана мен Алматы қалалары арасында салу жайлы Қазақстан мен Қытай компаниялары арасында да келіссөздер жасалған болатын). Ал ұшақ аталмыш екі қаланың арасын 10 сағатта жүріп өтеді. Алматы мен Оралдың арасын отандастарымыз  үш тәулікте өтіп жүргенін есептесек «Бейжің-Лондон темір жолының» мүмкіндігі қаншалықты екенін бағамдай аламыз. Аталмыш екі қала арасындағы тіке қашықтық 8200 шақырымды құрайды. Ал темір жолдың ұзындығы 11 000 шақырым болады деп жоспарлануда. Транзит елдерінің нақ қайсы елдер болатынын айтпаған Қытай инженерлік академиясының мүшесі, Қытайдағы жүрдек темір жолдар жобасының аға консультанты Ван Мегшу британдық  The Telegraph газетіне берген сұқбатында қазір осы елдермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.

Аталмыш темір жолы желісінің түрлі тармақтары болады деп күтілуде. Мәселен, «Бейжің-Лондон темір жолы» Бейжіңнен Сібір территориясы арқылы Астанаға, одан Мәскеу мен Петербургқа өтіп Еуропаның басты қалаларына, ең соңында Ла-Манш арқылы Лондонға дейін созылады деп күтілуде.[1] Тағы бір тармақ - Бейжің мен Сингапурды қосатын болады. Бұл бойынша Лондон мен Сингапурдың арасын жүрдек пойыз үш күнде жүреді деп есептелуде. «Бейжің-Лондон темір жолының» тағы бір тармағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін (Түркменстан, Иран,Үндістан, Въетнам, Тайланд, Камбоджа, Бирма, Малайзия және Сингапур)  байланыстырады деп жоспарлануда. Қырғызстан мен Тәжікістан жобаға қосылуға ниетті екендіктерін ресми түрде мәлімдеп те үлгерді. Темір жолдың барлық тармақтарын қосқандағы жалпы ұзындық 35,5 мың шақырымға созылады. Құрылыс жұмыстарына 100 млрд. АҚШ доллары кетеді деп жоспарлануда.[2] Жобаны  қаржыландыру алып компаниялар мен транзит елдердегі жеке секторлардан тарту көзделуде.[3]

Ванның мәлімдеуінше темір жолы тасымалының 80 пайызын жүк тасымалы құрайтын болады. Бұл Қытайдың батыс елдерімен сауда қатынастарын дамыта беретінін көрсетсе керек.

«Бейжің-Лондон темір жолы» құрылысы 2020 немесе 2025 жылға дейін толықтай аяқталады деп күтілуде. Қазірдің өзінде бұл жобаның Қытайдағы Юннань провинциясындағы бөлігі құрылысын бастап кетті. Бұл жоба аяқталатын болса жақын жиырма жылда әлемдік деңгейде үлкен өзгерістер болады деуге болады. Ғалам одан сайын кішірейіп қатынас, сауда ісі қарыштай түседі. Жер шарында (әсіресе Қытайда) уақыт өткен сайын көбейіп келе жатқан халықтардың миграциялық толқындар ағымы да артады.

Қытайдың Орталық Азия, соның ішінде Қазақстанға бағытталған гегемониясы жайлы пікірлер көп айтылып жүр. Шынын айтқанда Қытай Қазақстанды немесе Орталық Азияны тікелей ықпал астына алуға талпынбаса да қарыштаған Қытай экономикасы біздің елді айналып өтпесі анық. Біз тек өзіміздің әлеуетімізді ойластырып соған қарай дербес саясатымызды жүргізуіміз қажет. Оған Қазақстанның мүмкіндігі бар.

Сәкен Есіркепов

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық Университетің

Ғылыми қызметкері

«Абай-ақпарат»

[1] Иван Гидаспов, Юлия Котова «Китайские поезда доедут из Пекина до Лондона за два дня» // Newsland, 10.03.2010, http://www.newsland.ru/News/Detail/id/471612/

[2] Лев Иванов «Китай построит скоростную железную дорогу до Лондона» // Свободная пресса, 22 март, 2010

http://svpressa.ru/economy/article/22825/

[3] Malcolm More «King's Cross to Beijing in two days on new high-speed rail network» // The Telegraphs, 08 Mar 2010,

http://www.telegraph.co.uk/news/worldnews/asia/china/7397846/Kings-Cross-to-Beijing-in-two-days-on-new-high-speed-rail-network.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5673