Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2484 0 пікір 18 Сәуір, 2011 сағат 05:46

Ерболат Құдайбергенов: «Жастар, үйленуден қашпайық»

- Жақында сіздерді Қытайға барып қайтты деп естідік. Әңгімемізді сол сапарыңыздан бастасақ.
- Иә, Қытайдағы қазақтың қара домалақ жігіттері мен қаракөздеріміздің арасында болдық. Көрші мемлекеттің саясаты, тынысы бөлек болғасын ол жаққа көп бара бермейміз. Қандастарымыз қатты сағынулы екен. Барымызды салып, өнер көрсеттік. Кеудемізді қуаныш кернеп, жақсы әсермен қайттық. Келешекте де шетелдерге шығып тұру жоспарымызда бар. Таяу уақытта Еуропаға бет аламыз, бұйырса, тағы да домбыраның күмбірлеген дауысын естіртіп келеміз. Ал, репертуарым бойынша жаңа альбом жазылып жатыр. Осы жылдың соңына дейін жарық көріп қалады.

- Жақында сіздерді Қытайға барып қайтты деп естідік. Әңгімемізді сол сапарыңыздан бастасақ.
- Иә, Қытайдағы қазақтың қара домалақ жігіттері мен қаракөздеріміздің арасында болдық. Көрші мемлекеттің саясаты, тынысы бөлек болғасын ол жаққа көп бара бермейміз. Қандастарымыз қатты сағынулы екен. Барымызды салып, өнер көрсеттік. Кеудемізді қуаныш кернеп, жақсы әсермен қайттық. Келешекте де шетелдерге шығып тұру жоспарымызда бар. Таяу уақытта Еуропаға бет аламыз, бұйырса, тағы да домбыраның күмбірлеген дауысын естіртіп келеміз. Ал, репертуарым бойынша жаңа альбом жазылып жатыр. Осы жылдың соңына дейін жарық көріп қалады.

- Сіздің әндеріңіз көпшілікке, әсіресе жастарға кең таралды. Қазірде «сүйдім-күйдім» дейтін рэптерге сүрініп жығыласың. Ал сізде неге көбіне патриоттық, ұлттық нақыш басым?
- Рас, өйткені әу баста-ақ жобамызды ұлттық бояуға жақын қылып қалыптастырғанбыз. Мақсатымыз саясат емес. Ең бастысы - патриоттық сезімді ояту, тілді дамыту, жастарымыздың еңсесін көтеріп, туымызды желбірету, өзге елге өз беделімізді, дәрежемізді көрсету. Міне, осы бағытта ән жазып, барымызды салып жатырмыз. Бір жағынан, патриоттық әндерді орындауым атамның қанымен, анамның сүтімен келген деп ойлаймын. Олар дәстүрлі әндерді көп айтады. Біздің репертуарымызда махаббат музыкасы да, табиғат тақырыбы да жетерлік. Айту стиліміз - «этно рэп». Яғни ұлттық нақышқа баса мән береміз.
- Алайда, ел арасында «рэп» деген қазақтың табиғатына жат дүние ғой» деген әңгіме бар. Сіз бұған не дейсіз?
- 21-ғасырдың жастары болғасын, біз рэп, рок стиліндегі музыкаларды көп тыңдап өстік. Рэп бізге жат болмайды. Неге? Себебі, оны әлем тыңдайды, жалғыз қазақ қана емес, өзге де көптеген ұлт айтады, тыңдайды. Қаласақ та, қаламасақ та тарала береді. Біз айтпасақ та, басқа елдің рок, рэпін біздің жастар сіңіреді. Одан да рэпке патриотизм дәрісін қосып, өзіміз айтып бергеніміз абзал. Оның үстіне, әлемге көшбасшы болып келе жатқан Қазақстан барлық сала бойынша жоғары және айтары болуы керек. Рэпті ешкімге "сүйіп тыңда" деп айтпаймыз, оның өз тыңдарманы бар. Олар - жастар. Байқадыңыз ба, «Мен қазақпын» әнін рэп стилінде айтып, оған домбыра дауысын қосқанда әдемі әуен шықты емес пе? Халық жақсы қабылдады. Мен өзімді мақтайын деп отырғаным жоқ, бірақ осылай дамыта берсек болады ғой. Ең бастысы, шетел рэп музыкасын қазақ жастарының санасынан ығыстырдық. Бұл маңызды. Кезінде қазақ эстрадасын ресейлік, шетелдік әншілер басып алып еді, өз әншілеріміз дамып, оларды төрімізден лайықты бәсекемен шығарып салдық. Міне, осылай.
- Ерболат, енді жеке өміріңе қатысты сауал қойсам. Отбасыңыз туралы не айтасыз?
- Қазақ тыңдарманы жақсы біледі, әке-шешем Қанат, Айткүл Қазақстанға еңбегі сіңген әртістер. Отбасы, туысымызбен өнер жолындамыз. Бұл - мен үшін үлкен мақтаныш. Жасағанның бізге берген бағы десек артық айтқандық емес. Жұбайым Гаухар, жұмыс істейді. Екеуміздің отау құрғанымызға тоғыз жылдай уақыт болды. Ең қызығы, менің жұбайымның өнерге ешқандай қатысы жоқ. Әйтсе де, барлығын түсінеді, жаныма демеу болып келеді. Тамағымыз тоқ, киіміміз бүтін. Ұлым осы жылы алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Ұлыма да біраз әндер үйретіп жатырмын, қазір дайындық үстіндеміз. Кішкентай қызым балабақшада. Бұйырса, үшінші баламызды күтіп отырмыз. Ал, ылғи жанымда жүретін Еркін бауырым да әр аспаптың шебері, қазір музыкалық аспаптардың қыр-сырын зерттеп жүр. Қарындасым өнер академиясында оқиды. Болашаққа құрған арманымыздың шетінен басып келе жатырмыз. Мен өзімді керемет бақыттымын деп ойлаймын. Жастарымыздың құлағына алтын сырға, үйленуден қашпасын. Демографияны жоғарылатуға атсалысуымыз қажет.
- Өмірлік қағидаң қандай?
- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - осы менің қағидам. Расында, ерінбей еңбек етсең, көп белесті бағындырады екенсің.
- «Үш қиян» газетінің оқырмандарына не тілек жолдайсыз?
- Газет оқырмандары көбейе берсін. Тек қуанышқа бөлене беріңіздер. Тәуелсіз елімізбен мәңгі жасаңыздар.
- Сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Сұхбаттасқан
Ағерке ОРАЗОВА

«Үш қиян» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5674