Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019
Не дейді?! 1344 3 пікір 19 Қараша, 2018 сағат 18:06

"Көкжайлау" жобасының қарсыластарын кім қаржыландырады?

«Көкжайлау» тау шаңғысы курортының жобасы бойынша өткізілген кезекті қоғамдық тыңдаулар қоғамда біраз дау туғызды. Тараптар арасында сындарлы диалог болады деп күтілген, алайда қарсыластардың тактикасына қарап олардың тек бір ғана міндеті болғанын байқауға болады – өзара диалогты тоқтату. Белсенділердің бұндай әрекеттері азаматтық позициядан туындағанын көрсетпейді, керісінше материалдық тұрғыда туындаған секілді, мысалы демократияны қолдау мақсатында Ұлттық қордың грантын әзірлеу секілді. Бұл жайында Newtimes.kz сайты хабарлайды.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, NED Foundation – бұл АҚШ Конгресі мен Мемлекеттік департаменттің бақылауында болатын жеке коммерциялық емес ұйым. Жыл сайын NED әлемнің 90-нан астам елінде ҮЕҰ-ға мыңнан астам грантқа қаржы бөледі. Посткеңестік кеңістіктегі аумақтарда көбінде ресейлік ҮЕҰ-ға қаржы бөлінген, сонымен қатар, Грузиядағы 30-дан астам жобаларға, Қырғызстан мен Армениядағы 50-ге жуық жобаларға қаржы бөлінген. Ұйымның жобаларды қаржыландыру туралы ақпараттар www.ned.org сайтында көрсетілген. Еуразия аймағында осы тізімге «Жасыл құтқару» экологиялық қауымдастығы кіреді, оған белсенділер Светлана Спатарь мен Сергей Куратов тікелей қатысты. 2017 жылы «Жасыл құтқару» қауымдастығы жеке және қоғамдық ұйымдарға өз істерін ұлттық және халықаралық соттарда ұсынуға және олардың қорытындыларын жариялауға көмектесу үшін шетелдік қордан 84 050 АҚШ доллары көлемінде субсидия алды.

Субсидия алғаны туралы ақпарат «Жасыл құтқару» қауымдастығының сайтында расталған. Айта кетейік, басқа да демеушілер арасында тағы 8 шетелдік донор бар.

Грантқа ие болғандардың қатарында «Үйдегі тазалық» атты Қоғамдық қор да бар, оның басшысы белсенді Абай Ерекенов болып табылады.

NED Foundation сайтында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, өткен жылы «Үйдегі тазалық» қоғамдық қорына 37 000 евро көлемінде қаржы бөлінген. Қаржыландырудың мақсаты – әртүрлі экологиялық қозғалыстардың қатысуымен конференциялар ұйымдастыру және қоғамдық науқандар сериясын өткізу. 1 қарашада Вадим Ни мен Сергей Куратовтың қатысуымен өткен «Көкжайлау» жобасына қатысты конференцияны «Үйдегі тазалық» қоғамдық қоры қаржыландырған болуы әбден мүмкін.

Куратов, Спатарь және Ерекеновтің басшылығындағы ұйымдардан басқа тағы «Қазақстанның жастарға арналған ақпараттық қызметі» атты ұйым бар, оған Ирина Медникова басшылық етеді, сонымен қатар, Ирина Медникова да «Көкжайлау» жобасына қатысты пресс-конференцияға қатысқан болатын. Және 2017 жылы алған 66 550 АҚШ доллары көлеміндегі қаражаттың бұл жерге еш қатысы жоқ. Демек, қомақты қаржы төленген «жасыл қорғаушылар» өздері ойлағандай филантроп болмай шықты. Қарсыластардың барлық аргументтері мен эмоцияларын шетке ысыра тұрып, тек фактілерді қалдыратын болсақ, өздерінің шынайы ниеттері мен ресурстарын жасырып отырған «қайырымдылыққа» ие боламыз. Бұл гранттар Қазақстанда әртүрлі ақпараттық кампанияларға бағытталған деп айтуға әбден болады, ал Көкжайлау – ол жәй ғана сылтау, егер болып жатқан жағдайды талдап қарайтын болсақ, қарсыластардың «уайымы» тым шектен шығып, қоғамдық қарсылық ретінде көрініс тауып жатқанын байқауға болады.

«Көкжайлау» жобасына қатысты жеке белсенділердің мақсаты – тау курортын талқыға салу емес, қаланың әлеуметтік-саяси жағдайын және олардың міндеттерін одан әрі тереңдете түсу...

Abai.kz

3 пікір