Біздің бес тиын
Бұған дейінгі жолдауларын Ақ ордадағы кабинетінде кастюм-шалбарын киіп, галстугын тағып, сықиып жазған Елбасымыз - бұл мақаланы үйінде отырып жазған сияқты.
Кешкілік жұмыстан келгеннен кейін теннисін ойнап, теннис ойнап болғасын джакузиіне түсіп алып, сосын көк жейдесін киіп, домбырасын тартып, біраз толғанған сияқты. Мына толғанысына қарап, атам төкпе күй емес, шертпе күй шерткен сынды елесттік.
Алатауың анау, Қаратауың мынау, Алтайың асқақтап тұр, Атырауың шалқып жатыр, саумал ауасы сарайыңды ашатын Сарыарқа міні, Түркістан әні. Шертпе күйді шертіп отырып толғанып, артынша төкпе күйден төгіп-төгіп жіберіп, шабыт шақырып, кабинетіне аяқ басса керек.
Жолай жатын бөлмеге кіріп, шымқай көк жейдесін шешіп, өзі жақсы көретін паласатый ақшыл көк жейдесі мен өткен жолы ғана алған сұр жемпірін киіп, үстелге отырған сияқты. Ойымды бөлмесін деп үш ақ канал тартатын (Қазақстан, Хабар, 24) теледидарды өшіріп тастап, қолына қаламын алып, бастап кеп берген сияқты.
Ақсақал болды, абыз болды деген осы.
(Елге белгілі тұлғалардың барлығы отклик беріп жатқасын біз де өз ойымызды қосып, бес тиынымызды қыстыра кеткіміз келді) Қайырлы, құтты болсын, қазақ елі!