Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3229 0 пікір 20 Сәуір, 2011 сағат 07:25

Мұрат Әбенов, депутат. Құмар ойынның құлына айналған балалар

«Қалай барғанымды білмеймін, мама, қолымды балтамен шауып тасташы»

Мәжіліс депутаты Мұрат ӘБЕНОВТІҢ құмар ойындары бойынша интернет-клубтары, заңсыз лотереялар мен спорттық поккер ұйымдастырушы мекемелерді тескеру жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен Туризм және спорт министріне жолданған депутаттық сауалы

Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша заңнама жетілдіріліп, елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынды және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі күшейтілді.

Осы ретте менің атыма Қызылорда қаласының тұрғындарынан арыз-шағым, жанайқай хаты түсті. Бұл хатта Қызылорда қаласының ата-аналары балаларының тағдыры үшін алаңдауда. Олардың мәліметінше, кейбір айлакер-кәсіпкерлер «интернет-клубтардың» атын бүркеніп, елді мекендерде балалардың арасында нақты ақшаға интернет арқылы «on-line» құмар ойындарын ұйымдастыруда. Бір ғана Қызылорда қаласында 100-ден аса интернет клубтар бар екені мәлімделуде.

«Қалай барғанымды білмеймін, мама, қолымды балтамен шауып тасташы»

Мәжіліс депутаты Мұрат ӘБЕНОВТІҢ құмар ойындары бойынша интернет-клубтары, заңсыз лотереялар мен спорттық поккер ұйымдастырушы мекемелерді тескеру жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен Туризм және спорт министріне жолданған депутаттық сауалы

Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша заңнама жетілдіріліп, елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынды және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі күшейтілді.

Осы ретте менің атыма Қызылорда қаласының тұрғындарынан арыз-шағым, жанайқай хаты түсті. Бұл хатта Қызылорда қаласының ата-аналары балаларының тағдыры үшін алаңдауда. Олардың мәліметінше, кейбір айлакер-кәсіпкерлер «интернет-клубтардың» атын бүркеніп, елді мекендерде балалардың арасында нақты ақшаға интернет арқылы «on-line» құмар ойындарын ұйымдастыруда. Бір ғана Қызылорда қаласында 100-ден аса интернет клубтар бар екені мәлімделуде.

Ата-аналардың алаңдаушылығы орынсыз емес. Олардың арыздары негізінде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясының жүргізген оперативтік іс-шаралары барысында облыс орталығының бірқатар интернет-клубтарында компьютерлермен әр түрлі құмар ойындар нақты ақшаға ойнатылып жатқандығы анықталған.

Мұндай   құмар  ойын  орындарына  ең  көп  баратындар - балалар. Демек, таразыда мыңдаған баланың тағдыры тұр. Бұл қалыптасқан жағдай жасөспірімдердің психологиясына, рухани дамуына, сапалы білім алуына кері әсерін тигізуде. Қаупі жағынан құмар ойындарға тәуелділік нашаға, маскүнемдікке тәуелділіктен еш қалыспайды. Осы ойындарға құмар болған балалар түрлі қылмыстарға барып, сол ойындарды ойнау үшін қарыздарға кіруде. Қазіргі таңда Қазақстан жасөспірімдер суициді жөнінен үшінші орында тұр. Демек, мұндай психологиялық күйзелістер суицид көлемінің артуына себепші болары сөзсіз.

Хаттағы баласының анасына: «Қалай барғанымды білмеймін, мама, қолымды балтамен шауып тасташы» деген сөздері қай-қайсысымыздың болмасын жанымызды ауыртып, көзімізге еріксіз жас алатын дүние.

Интернет-клубтары арқылы балалардың арасында құмар ойындар ұйымдастыру бүкіл Қазақстанға тән және өзекті болып отыр.

Құмар ойындар ойналытатын осы көлеңкелі бизнестің өкілдері бұл мәселенің қаншалықты өзекті екендігін түсініп отырған жоқ. Керісінше, заңға қайшы әрекеттерге барып, жастардың санасын бұрыс бағытқа итермелеп отыр.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда спорттық поккердің атың бүркеніп, жаңа құмар ойындарының түрі ұйымдастырылып жатқандығы белгілі. Қаржы полициясы органдары тарапынан Астана және Алматы қалаларында астыртын казинолардың қызметіне бүркеме ретінде қолданылған спорттық покер ойыншылары мен әуесқойларының бірнеше бірлестігі, оның ішінде республикалық федерация анықталған фактілер бар. Бұл құмар ойын Астана және Алматы қалалары мен облыс орталықтарында даму үстінде. Осы ойында азаматтардың аса алаңдаушылығын тудыруда. Елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынғаннан кейін покер кұмарлық туғызатын карта ойынын заңдастыру үшін 2009 жылы жолын тауып ресми спорт қатарына кіргізген.

Сол Туризм және спорт министрлігіне қарасты мекеменің шешімімен заңсыз, қоғамға теріс әсерін тигізетін тіршілікті заңдастырып қана коймай, енді покерді спорт деп есептегеннен кейін оны насихаттаумыз, қолдаумыз, жастарды осы «спортқа» кеңінен тартуымыз керек шығар?

Біз покерді ақтаудың жолын тауып, заңдастурыға әрекеттеніп жатқанымызда көрші мемлекеттеріміз Ресей, Украина сол 2009 жылы покер ойынын спорт түрлерінің қатарынан шығарып, құмар ойындарға жатқызған.

Енді сол мемлекеттердің заңсыз тіршілік жасап жүргендер біздің елімізде ашықтан ашық «қалтасына пайдалы спортты» дамытып жүр. Ешкімге жасырын емес, Қазақстанда онлайн ойынды ұйымдастырушыларды интернетке кіріп бірден табуға болады. Олар жасырынып та жатқан жоқ. Мысалы http://www.pokerbonus.kz/. Онлайн казинолардың жарнамалары сайттардың ең басты беттерінде.

Дәл сондай тексерушілердің ынғайын тауып әртүрлі заңсыз копьютерлік бағдарламаларды қолданатын заңсыз лотерея ойындары соңғы жылдары көбейіп кетті. Бұл лотереялар заңнама бойынша қаралған бір де бір құмар ойыны түріне жатпайтын, ұтыс көлемі алдын ала белгісіз, техникалық кұралы казиноның әдісімен жасалғаны белгілі.

Өкінішке қарай бұл жағдайды тек тексеруші мен бақылаушылар ғана көрмей отыр.

Аталған мәселелерде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген бірнеше талаптар бұзылып отыр. Мысалы аталған заңға сәйкес:

1)     Казино мен ойын автоматтары залдарын арнайы аймақтардан (Қапшағай су қоймасы және Щучье ауданы) тыс жерлерде орналасуына тыйым салынады.

2)     Сондай-ақ, казино, ойын автоматтары залы, букмекер кеңсесi, тотализатор ойындарынан басқа құмар ойындар, оның ішінде заңсыз лотерея, ақшаға спорттық поккер ұйымдастыруға және онлайн-казинолар ашуға тыйым салынады.

3)     Ең бастысы, Қазақстан Республикасының жиырма бiр жасқа дейiнгi азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тiгуге қатысуына тыйым салынады.

Көріп отырғанымыздай интернет-клуб иелері, спорттық поккер ұйымдастырушылар «Ойын бизнесі туралы» Заңды өрескел бұзып отыр.

Ал, бұл заңның дұрыс орындалуын бақылап, қамтамсыз ететін құқық қорғау органдары, жалпы білім беру органдары, жергілікті атқарушы органдар өз міндеттеріне немқұрайлы қарап отыр.

Бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы бойынша интернет-клубтардың, спорттық поккерді ұйымдастырушы мекемелердің қызметін тексеруді және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауды сұраймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында спорттық поккерді жабу жөнінде Бас прокуратура мен Туризм және спорт министрлігінің позицияларын білдіруді сұраймыз.

Белгіленген тәртіппен және жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз.

Мәжіліс депутаттары: М. Әбенов, А. Соловьева

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5644