Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2196 0 пікір 21 Сәуір, 2011 сағат 07:03

Рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы келісім комиссиясының қарауына шығарылады

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -   Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасында келісім комиссиясын құру туралы мәселені қарады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына Сенат бірқатар түзету жасап, құжатты кері қайтарған болатын. Осыған орай, Мәжіліс тарапынан келісім комиссиясын құру туралы бастама жасалды.

Заң жобасына келетін болсақ, құжат рұқсат беру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге арналып отыр. Мемлекет басшысының жолдауларында Үкіметке әкімшілік реформа шеңберінде бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені батыл азайту, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін аталған заң жобасы әзірленген. Заң жобасымен 54 заңнамалық актіге, оның ішінде 5 кодекс пен 49 заңға өзгерістер енгізіледі. Енгізілген өзгерістер жекелеген рұқсат беру құжаттарын беру жөніндегі нормаларды, артық талаптарды, заңнамалық актілер нормаларының арасындағы қайшылықтарды алып тастауға септігін тигізеді. Бұдан бөлек, құжатта лицензия беру мерзімін қысқартуға, қызмет түрлерінің атауларын өзгерту жолымен жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау жөніндегі талаптардың қолданылу саласын ықшамдауға бағытталған нормалар қамтылады.

Келісім комиссиясының құрамына Сенат тарапынан төрт депутат ұсынылды. Олар - Талғатбек Абайділдин, Серік Ақылбай, Михаил Бортник, Қайсар Омаров.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627