Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2391 0 пікір 21 Сәуір, 2011 сағат 07:05

Елордалық түлектер ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Қазақ экономика университетінің ректоратымен кездесті

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Кенжекей Тоқтамұрат/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында елордалық мектеп қушылары Қазақ экономика, қаржы және сауда университетінің ректоратымен кездесу өткізді.

Жүздесуге Астана қаласындағы мектептерді бітіргелі отырған  түлектер, атап айтқанда болашағын экономика, кедендік іс, туризм және әлеуметтік жұмыстар саласымен байланыстыратын мектеп оқушылары келді.

«Бүгінгі кездесу имидждік мақсатты көздеуге арналып отыр. Қазақ экономика, қаржы және сауда университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы экономикалық білім беру орындарының бірі болып табылады. Оқу орнының 11 жылдық тарихи бар, бұрын ол Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің филиалы болған. Қазір жеке университет», - дейді аталмыш оқу орнының оқу ісі жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық  ақпараттандыру академиясы мен Еуразия халықаралық экономика академиясының академигі Нұрила Күшікова.

Оның айтуынша, университет 15 бағыт, жалпы алғанда экономикалық мамандықтар бойынша білім береді. «Біз жылына 4 500 маман дайындап шығарамыз және бүгінгі кездесу талапкерлер үшін өте маңызды деп ойлаймын. Осындай жиындар мектеп түлектері үшін де, оқу орындарының ұжымдары  үшін де өте тиімді», - деп атап өтті ол.

Кездесуде мектеп түлектері үшін арнайы бағдарлама әзірленіп, ол бағдарламаның көмегімен оқу орнының ректорат мүшелері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері болашақ талапкерлерді қызықтырған сан-салалы сұрақтарға жауап берді.

Қазақ экономика, қаржы және сауда университеті еліміздегі ЖОО-лар арасында ғана танымал емес, әлемдік білім беру кеңістігінде де бәсекеге қабілетті екенін айта кету керек. Университет халықаралық әріптестікті қатар дамытып, халықаралық білім беру жобаларына, әртүрлі байқаулар мен семинарларға үнемі қатысып отырады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5622