Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3316 0 пікір 21 Сәуір, 2011 сағат 09:27

Улия Молдағалиева, суретші-дизайнер: «Бекзат болмыстың суретінде сыр-сиқыр көп»

Жуырда оңтүстік астанада «Ару Алматы-2011» Халықаралық зергерлік бұйымдар көрмесі өтті. Көрме - көрмек үшін. Көрдік, қатысушылармен де таныстық. Солардың арасында Улия Молдағалиева есімді қаршадай қазақ қызының сурет пен сән үлгісін астастырған өнері бізді тәнті етті. Таныса келе білдік: ол - суретші және зергерлік бұйымдар дизайнері екен. Жас болса да, «Қазақстанның мәдениет қайраткері» деген атағы бар, Суретшілер академиясына, Дизайнерлер одағы мен Суретшілер ассоциациясына мүшелікке өтіп үлгеріпті. Өнердің бірнеше түрін қатар меңгерген Улия көрме үстінде «Сәрсенбідегі сұхбатпен» сыр бөлісуге де уақыт тапты.

- Бұл - менің «Жел әні» («Песни ветра») деп аталатын  арнайы өткізіп отырған үшінші көрмем, - деп бастады сөзін жас суретші-дизайнер. Мұндағы зергерлік бұйымдармен қатар, мүсіндер, бедерлі көркем­сурет галереясы, тіпті костюмдерге дейін этно-авангард стилінде жасалған. Көрме - тарихымыздың байлығын бүгінгі күннің сұранысына сәйкестендіре отырып түрлендіруімен өзгеше. Ал туындыларымның негізін нәзіктігі мен даналығы ұштасқан, жұртқа жан-жақтылығымен үлгі болған әйелдердің образы құрайды. Бұл, бәлкім, жастайымнан әйел жанының бекзат болмысын суреттеген шығармалардан нәр алып, әжем мен анамның тәрбиесін өнеге тұтып өскендігімнен болар.

- Сонда сені кім десек екен? Суретші, зергер әлде модельер...

Жуырда оңтүстік астанада «Ару Алматы-2011» Халықаралық зергерлік бұйымдар көрмесі өтті. Көрме - көрмек үшін. Көрдік, қатысушылармен де таныстық. Солардың арасында Улия Молдағалиева есімді қаршадай қазақ қызының сурет пен сән үлгісін астастырған өнері бізді тәнті етті. Таныса келе білдік: ол - суретші және зергерлік бұйымдар дизайнері екен. Жас болса да, «Қазақстанның мәдениет қайраткері» деген атағы бар, Суретшілер академиясына, Дизайнерлер одағы мен Суретшілер ассоциациясына мүшелікке өтіп үлгеріпті. Өнердің бірнеше түрін қатар меңгерген Улия көрме үстінде «Сәрсенбідегі сұхбатпен» сыр бөлісуге де уақыт тапты.

- Бұл - менің «Жел әні» («Песни ветра») деп аталатын  арнайы өткізіп отырған үшінші көрмем, - деп бастады сөзін жас суретші-дизайнер. Мұндағы зергерлік бұйымдармен қатар, мүсіндер, бедерлі көркем­сурет галереясы, тіпті костюмдерге дейін этно-авангард стилінде жасалған. Көрме - тарихымыздың байлығын бүгінгі күннің сұранысына сәйкестендіре отырып түрлендіруімен өзгеше. Ал туындыларымның негізін нәзіктігі мен даналығы ұштасқан, жұртқа жан-жақтылығымен үлгі болған әйелдердің образы құрайды. Бұл, бәлкім, жастайымнан әйел жанының бекзат болмысын суреттеген шығармалардан нәр алып, әжем мен анамның тәрбиесін өнеге тұтып өскендігімнен болар.

- Сонда сені кім десек екен? Суретші, зергер әлде модельер...

- Суретші және подиумдағы сән-үлгішісі деген дұрыстау болады... Яғни сән үлгішісі болу - жан-дүниемді шабыттандырса, суретшілігім арқылы киім үлгілеріне стильді жоба жасаймын.

- Ал ұлттық үлгідегі бұйымдарды жасауыңа не түрткі болды? Мұның дәл қазіргі уақытта пайдасы бар ма өзі?

- Керісінше, дәл қазіргі уақыт тиімді дер едім. Өйткені ел-жұрт кешегі Кеңес заманындағыдай батыстық үлгілерге ынтызар емес. Соның бір дәлелі - жастардың ұлттық нақыштағы бұйымдарға қызығушылығы артты. Біздің бұл бағытқа бет бұруымыздың негізгі бір себебі - осы. Қазіргі киімдерге ұлттық элементтерді қосу өз алдына, маған бір-бірімен үйлеспейтін стильдерден өзгеше туынды жасау ұнайды. Атап айтсам, кең барокко немесе джинсыларды қазақы дәстүрлермен, металды нәзік шифонмен, теріні органзамен, тондар мен ішіктерді гипюрмен үйлестіремін. Бұдан стильдің жаңа мәнерін тануға болады. Ал зергерлік туындыларымда көбінесе отбасын ұйытқан, баласын қанатының астына алған әйел образдары бейнеленеді.

- Ал бейнелеу өнеріндегі өзіндік мәнері бар жұмыстарыңа жоралғы-жанашыр болған біреу бар ма?

- Иә. Қазіргі уақытта түркі танымы негізінде бедерлі көркемсурет топтамаларын жарыққа шығарып отырмын. Осы орайда биік жетістіктерге жетуге талпындырып, білімімді ұштаған өкіл әкем, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сондай-ақ Қазақстандағы бедерлі көркемсурет мектебінің негізін құрушы, белгілі суретші Амандос Ақанаев пен өкіл анам, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «ҚР Көркемөнер академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Лаура Оразбековаға айтар алғысым шексіз.

- Жұмыстарың алуан бағытта екен. Жалпы, мұндай күрделі еңбек нәзік болмысыңа жүк артпай ма?

- Қашанда жетістікке талпынып, еңбектене білген адамға өмір өз биігінен жеміс татқызады екен. Сондықтан да бір орында тоқтап қалу маған лайықты емес. Мен үшін көркем­өнер саласына тән барлық жұмыстың қыр-сырын білу - әлдеқайда қызық.

- «Қызық» демекші, есімің де қызық екен, «Улия» деген сөз не мағына береді?

- Араб тілінен аударғанда ең күшті, ең бірінші деген мағынаны білдіреді. Адам есімі оның кім екенінен хабар береді деп жатады ғой. Ендеше, есіміме өкпем жоқ.

Шығармашылықты 18 жасымда, «Азия дауысында» дипломдық жұмысымды көрсетуден бастадым. Ал бұл жастағы бойжеткендердің көпшілігі модель болуды армандамай ма? Қиялымдағы арманды іске асырып, сәнгерлер дайындайтын мектепте оқып, сәнгер болдым. Қызығушылығымнан қанағат тапқан соң, мен подиумда сән үлгісін көрсетуді емес, өзім жасаған дүниенің подиумда көрсетілуін қаладым. Осылай сәнгерден сән үлгісін жасауға көштім.

Ізін ала суреткерлікке қадам басып, біршама жұмыстардың басын қайырдым. Енді, міне, зергерлік бұйымдарға көңілім ауып, туындыларымды халықаралық деңгейге шығаруға талпыну үстіндемін.

- Ал осыншама шығыны көп шаруаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле ме? Тапсырыстар түсе ме?

- Министрлік тарапынан өткізілетін тендерлерге қатысып тұрамын. Субұрқақ жобасына қатысты Астана әкімдігінен тапсырыс болған кезінде. Бірақ бұл жоба дағдарысқа байланысты әзірге тоқтап тұр.

Бірде Бішкекте үлкен шара өтетін болды. Онда Қазақстанның символы ретінде Роза Рымбаева «Менің Қазақстаным» әнін орындауы керек екен. Маған Мәдениет министрлігі ол кісіні патшайым ретінде көрсетуге тапсырыс берді. Мен Роза апайға алтын адам бейнесіндегі әйел киімін ұсындым. Дәл осы жұмысым жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады деп ойлаймын.

- Ал ілгеріде жеңімпаздарды даралайтын осындай көрме, не болмаса байқауларға қатысып па едің?

- «Шабыт» Халықаралық жастар фестивалінде «Көркем­сурет» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алғанмын. Сондай-ақ Литва, Португалия елдері мен Лондон, Вена қалаларында өткен көрмелерден алған марапаттарым бар. Ал Таиланд пен Қазақстан арасындағы 15 жылдық дипломатиялық қатынастарға арналған салтанатты шарада тайлықтар ұлттық нақыштағы көрсетілімдеріме жоғары баға берді. Былтыр Ресейдің «Ювелирное обозрение» журналы мен жасаған білезікті І орынға лайық деп тауыпты. Сурет өнеріндегі еңбектерім түрлі мұражайлар қорына қойылған.

- Жеке шығармашылықпен айналыса отырып, табысқа кенелуді қаламайтын өнер адамы жоқ шығар. Ендеше, осындай көрмелердің тигізер шапағаты қандай?

- Мұндай көрмелер әріптес тауып, серіктестік жасауға тиімді. Бұдан төрт жыл бұрын ресейліктер бір зергерлік компанияға серіктес болуға шақырғанды. Сол кезде осы саланы жеке дамытқым келіп, ұсыныстан бас тартқан едім. Соған кейде өкінетінім де рас. Өйткені бірлесе жұмыс істеу - шығармашылық шеңберді кеңітеді. Ал көрменің материалдық тұрғыдан пайдасы бар ма дегенге келсек, пайдасы өте зор. Өйткені картиналарға да, бұйымдарға да сұраныс күшті және еш толастаған емес.

-Маман ретінде қалай ойлайсың: алтын-әшекейге әуес әйел адамдар ұлттық зергерлік бұйымдарға қаншалықты қызығушылық танытуы мүмкін?

- Зергерлік бұйымдар әйелге ерекше рең беріп, эстетикалық ләззат сыйлайды. Және әйелдің әдемілігін арттырып, тамаша көңіл-күйде жүруіне септігін тигізеді.

Алайда, әшекейлердің көп болуы шарт емес. Дегенмен қандай бұйым болса да, өз ерекшелігімен, өз өзгешелігімен көз сүріндіргені дұрыс. Қазір әркім өз қалауына қол жеткізе алады ғой. Бастысы, бір ғана әшекей болса да, оның мінезіне, ішкі әлеміне сай келуге тиіс. Өз басым, үлкен сырға, жуандау білезік таққанды дұрыс көремін. Ұсақ әшекейлерді таға алмаймын...

- Ал мұндай әшекейлерден алшақтап кеткен хиджаб киген замандастарыңа не айтар едің?

- Мен хиджаб кимеймін. Себебі, мен еркін стильде киініп үйренген адаммын. Әр адамды өзінше бір әлем десек, кез келген адам жанына үйлесетін, денесіне ыңғайлысын ғана қабылдайды. Демек, біреудің талғамына талас айтуға қақым жоқ. Бірақ қазақтың әдемі қыздарының оранып, қымтанып жүргенін көргенде, біртүрлі жаным ашып кетеді... Қазақта қымтанып жүретін ұлттық киімдер аз емес қой, діни танымды ұлттық ұлағатпен ұлықтауға болмас па еді? Біз еркін даланың ұрпағы едік қой...

Әңгімелескен -

Ардақ Иманбекқызы,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 14 (97) 20 сәуір 2011жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618