Дәулет Әлім. Хабардың «Ақиқаты» ақиқат бола ала ма?
2011 жылы 20 сәуірде кешкілік уақытта Хабар арнасынан «Ақиқат» бағдарламасы көрсетілді. Онда Қазақстан аумағында пайда болып, қызмет еткен діни ағым - зікіршілер туралы көрсетілді. Олар сондай-ақ, исматуллашылар, яссауишылар, сопылар деген атаулармен танымал.
Фильмде аталған ағым және оны ұстанушылар туралы жан-жақты мағлұматтар келтіріліп, ағым туралы бұрын зікір салғандар мен әлі де сол сенімді ұстанушылардың пікірлерін берген. Сондай-ақ, қазақстандық зікіршілердің рухани ұстазы, пірі - Исматулла Мақсұм туралы мол мағлұмат беріледі.
Исматулланың Намазды орнынан тұрмай оқып, зікір салғанда орнынан атып тұрып жаны қалмай селкілдеуін көрсеткен кадрлер талайға ой салса керек. Сонымен қатар, зікіршілердің зікірді Намаздан артық қоятындығы жайлы айтқандары берілген. Ең басты назар аударарлық жайт - Исматулланың өзін Мағди етіп көрсетуге тырысушылығында. Мағди мұсылмандардың Мұхаммед Пайғамбардан кейін келетін пайғамбары болып саналады.
Фильмде Исматулланы зікіршілер «тақсыр» деп, «қасиетті әке» санайтындығы, жамағаттың әрбір мүшесі оған құлдық ұрып, қолын сүйетіндігі жайлы айтылады.
Исматулла 1944 жылы туған, ауған-пәкістандық азамат. Бірақатар деректер оның кеңес-ауған соғысы кезінде Ахмад Шах Масуд әскерінің діни идеологы болғандығын айғақтайды.

Фильмде бұл туралы да мәліметтер келтіріліп, бір кездері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының 70-80 пайызы зікіршілер болғандығы туралы айтылады.
Сондай-ақ, фильмде Исматулланы ашық қолдап, жұмыс жүргізген Саят Ыбырай, Еркін Стамшалов, Санжар Керімбайлар т.б. туралы айтылады.
Жалпы алғанда мақтау мен мадақтаудан ғана тұратын «Хабар» арнасынан осындай бағдарламаның көрсетілуі тосын жағдай екендігі рас. Тіпті кейбіреулер таңданатын да шығар. Рас, фильм жақсы түсірілген. Мәліметтер мен фактілер мол.
Дейтұрғанмен мына бір сұрақтарға назар аудару қажет сияқты. Исматуллашылар, сопылар дегеніміз Ислам дінін жамылған ағым болғандықтан фильмде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы басшылары немесе өкілдерінің осы аталған зікіршілер туралы пікірлерін, басқарманың оларға қатысты ұстанған ұстанымдары мен шығарған пәтуәлары көрсетілмеген. Бұл бір. Екіншіден, аталған мәселе тікелей дінге қатысты болғандықтан мемлекеттік биліктің, атап айтқанда Дін істері комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері өздерінің мәлімдемелерімен, пікірлерімен көрсетілуі тиіс еді. Бірақ бұлар да көрінбеді.
Соңғысы - фильм аяқталғанда оны кімдердің жасағаны, түсірілімге кімдердің қатысқандығы, қандай материалдар қолданылғандығы жайлы бір сөз ақпарат жоқ.
Бұл жерде мынадай заңды сұрақтар туындайды:
1. «Хабар» агенттігі аталған фильмді кімнің тапсырысы бойынша түсірген?
2. Фильмде қолданылған материалдар қайдан алынған?
3. Фильмді түсіру барысында Дін істері және Ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің ықпалдасуы болған ба?
4. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері неге көрсетілмеген?
5. Дін істері және Ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің өкілдері неге көрсетілмеген?
6. Мемлекеттің исматуллашыларға қатысты ұстанған саясаты қандай?
7. Исматуллашылар немесе сопылардың қызметіне Қазақстан Республикасы аумағында тиым салынған ба? Салынса не үшін, қашаннан?
8. Фильм авторлары және т.б. қажетті ақпараттар неге көрсетілмеген?
Осынша сұрақ туындаған кезде «Хабардың» тосыннан берген «Ақиқатынан» толық ақиқат таба аламыз ба?
«Абай-ақпарат»