Александр Кулинич: «Бірінші рет естіп тұрмын!»
Мәжіліске бас сұққан Ішкі істер вице-министрі Александр Кулиничке де дәлізде жолығып, бір-екі сауал қойдық.
Жас қазақ: - Қазақтар басқа облыста тұратын туыстарына жиі-жиі қонаққа барады. Сонда қанша уақыт болса да, олар тіркеуден өте ме? Туыс екенін дәлелдеуі керек пе, әлде?..
Александр Кулинич: - Ешкімге де ештеңені дәлелдеп керегі жоқ! Кез келген адам барған жерінде не халыққа қызмет көрсететін орталыққа, не көші-қон полициясының кеңсесіне кіріп тіркеледі. Тіркеуге ешқандай да жарна төленбейді. Өте жеңілдетілген жұмыс бұл. Тұрақты тұруға келген адам 30 күнде, ал қонаққа келген адам 30 күннен 1 жылға дейін тіркеуден өтеді. Жақын туыстарға бұл ереже жүрмейді.
Жас қазақ: - Бүгінге дейін квотамен шетелдерден қанша қазақ көшіп келді? Қытайда 10 мыңдай қазақ визаға қолы жетпей жүр екен. Бұдан хабарыңыз бар ма?
Александр Кулинич: - Бүгінге дейін 8 мыңға жуық адам квотамен Қазақстанға оралды. Олар негізінен Моңғолия, Өзбекстан және Ресейде тұрған азаматтар. ...Қытайдағы қазақтар елге орала алмай жүр дейсіз бе?.. Сол елдегі консулдық арқылы олар виза алып, келе алады. Ал, виза ала алмай жүр дегенді бірінші рет естіп тұрмын!..
Сұхбаттасқан Төлен ТІЛЕУБАЙ
Астана
«Жас қазақ» газеті