Жұма, 22 Қараша 2024
4370 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 17:19

Салауаттты өмір салты – денсаулық кепілі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалу қажеттігін үнемі айтып келеді. Және, еліміздегі бұқаралық спортқа да мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп жатыр.

Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде. Түркістан жоғары медициналық колледжі салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шара өткізді. Оған оқу ордасының белсенді студенттері қатысып, өнер көрсетті.

Салауаттты өмір салты – денсаулығымыздың кепілі. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың зиянды әдеттерден арылтып, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Сондай-ақ, студенттер арасында ынтымақтастықты нығайтып,оларды  спортқа баулу.

Нағима Әбдіраманова –Түркістан жоғары медициналық колледжінің фармация бөлімінің оқытушысы

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Осы ұғымның негізінде жастар арасында топ аралық спорттық сайыс ұйымдастырылды.  Студенттер 2 кезең бойынша сынға түсіп, сайыс шартына сәйкес түрлі кедергілерден сүрінбей өтті.

Ғазиза Мырзахан – студент 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру Елбасы жолдауында айтылған негізгі бағыттардың бірі.  Сондықтан заманымызға сай, зерделі ұрпақ өсіру мемлекетіміздің жарқын болуы үшін  аса маңызды.

М.ӘСЕМБЕК

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290