Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2312 0 пікір 24 Қараша, 2018 сағат 19:07

Жетісайда бес ауданға бір күнде табиғи газ тартылды

Биыл наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды, оның бірі - Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру болатын.

Жетісайлықтар жыл соңына қарай ауыл-аймақ халқын жаңғымды жаңалықпен қуантты. Ауданда бір күнде бес ауылға табиғи газ берілді.Сөйтіп от жағып күл шығарып жүрген ауыл халқы өркениет игілігіне қол жеткізді. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Көгілдір отынға қол жеткізгендер   Шаблан Ділдәбеков ауыл округіне қарасты Достық, Байдала, Зерделі  мен Атамекенттегі  Тыңдала және Қоғалы елді мекендерінің тұрғындары.  Аймақ басшысы Достық ауылындағы газ торабын іске қосу рәсіміне қатысып, ендігі кезекте 5 мыңға жуық тұрғыны бар бес ауыл халқы   көмір тасып, күл шығармайтынын жеткізді.

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Құрметті түркістандықтар! Қадірменді Жетісай ауданының тұрғындары! Бүгін сіздер мен біздер көптен күткен үлкен қуаныштың куәсі болғалы отырмыз. Яғни, бүгін Түркістан  облысына қарасты Жетісай ауданында бес елдімекеннің тұрғындары табиғи газға қол жеткізіп отыр.

Көптен бері көгілдір отынды аңсап келген жұртшылықтың қуанышында шек жоқ.Солардың бірі - Ахатовтар отбасы. Енді бұл үйдің келіндері қыстың күні  ошақ күзетіп, түн ұйқысын төрт бөлмейтін болды.  Бала шағаға жылы жай, қарияларға ыстық шай қашанда дайын.

Бегімтай Ахатов – Жетісай ауданының тұрғыны

Талай жылдан бері армандап жүр едік бұл газды. Бүгін қуанып отырмыз. Осы игі бастаманы қолға алаған азаматтарға алғыс білдіреміз. Елбасыға рахмет.

Биыл Жетісай ауданындағы елді мекендерді газдандыру үшін 5 нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 615 млн теңге қаралған болатын. Оның ішінде 1 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 2018 жылдың шілде айында аяқталды.3 елдімекендегі газ құбыры  жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылады,- деп күтілуде.

Мырзабек Әбішев – Жетісай аудандық Тұрғынүй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы

Қазіргі таңда Жетісай ауданында 104 елдімекеннің 46-сы, яғни 22 096 абонент табиғи газбен қамтылса, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 44,2 пайызын құрап отыр. Ал абонент саны бойынша 74,4 пайызға жетті

Өркениет жетістігіне қол жеткізбеген аудан халқының  тең жартысы  алдағы жылдары қуанышқа бөленетін сыңайлы. Себебі Жетісай ауданының даму концепциясына сәйкес 2019-2025 жылдары осы өңірдегі 104 елді мекеннің бәрі дерлік 100 пайыз газбен қамтылады деген жоспар бар.

К. ДҮЙСЕНБІ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530