Жұма, 22 Қараша 2024
Дін 12048 6 пікір 5 Желтоқсан, 2018 сағат 09:27

Дінаралық келісім – ынтымақ кепілі

Дін өркениетті адамзат тарихында көне дәуірден орын алған маңызды рухани құбылыс. Мәдениет пен діни құндылықтар дәстүрлі діни жүйелердің адамзат баласының рухани жан дүниесін жетілдіруге және адамға өмірдің маңызды мәселелерін шешуде тұғыр болуда. Бұл жағдайда дінаралық сұхбаттастыққа басты мән беру әлемдегі тыныштық, бейбіт қатар өмір сүруге жол бастайтын басты ұстаным екендігі алға шығады.

Дінаралық келісім мәдениеті «толеранттылық», «төзімділік», «дінаралық сұхбат» ұғымдарымен дәріптелуде. «Толеранттылық» ұғымы ғасырлар бойы қалыптасып, мағыналық тұрғыдан толыққан.

Дінаралық келісім – Қазақстанның қоғам өміріндегі маңызды жетістіктерінің бірі мен бірегейі. Түрлі ұлттар мен этностардың діндерінің өзара әрекеттесуінің тұрақты моделі, бүгінгі қазақ еліндегі бөлінбейтін біртұтас жасампаздық пен келісімнің негізі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі дегеніміз – ол әртүрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуі бүкіл әлемдік процессіне Қазақ Елінің қосқан шынайы үлесі».

Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем  болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт дəрежесінде біріктіру саясатын ұстанған.

Осылайша, Қазақстан егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап көпэтникалы жəне көпконфессиялы қоғамда этностардың өзіндік ерекшелігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгіні қалыптастырған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.

Қазақстанның қарқынды дамуының тірегі болып саналатын ұлтаралық және конфессияаралық келісімі еліміздің алға қарай нық қадам басуына мүмкіндік беретін зор алғышарт болып табылады. Сан алуан халықтар арасындағы достық, келісім мен бейбітшілікті сақтау үшін ел болып жұмылған күйде күнделікті және тұрақты түрдегі тынымсыз әрекеттер жасалынуы қажет. Сонда ғана Қазақстанда етене өмір сүретін сан алуан ұлт және конфессия өкілдерінің дауысы қуатты бір сарынға айналатын болады.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның дамуына тән ерекшеліктердің бірі қоғам өміріндегі діннің рөлінің артуы болып табылады. Оның өзектілігі мен мәртебесі артып, әлеуметтік функциялары кеңейіп, дінге сенушілер мен діни бірлестіктердің саны өсуде. Соңғы онжылдықта республикамыздың көпконфессиялы кеңістігі дәстүрлі діни сенімдердің діни бірлестіктерінен бөлек, бұрын Қазақстанда болмаған дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жаңа ұйымдарының енуімен күрделене түсті. Қазіргі таңда Қазақстанда 18 конфессиядан тұратын 3720 діни бірлестік жұмыс жасауда. Осындай өзгерістер аясында барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни жанданудың бірдей  мүмкіндіктері қамтамасыз етілген және халықтың біртұтастығы, ізгілік, ұлт құқықтары мен адам құқықтарын үйлесімді ұштастыру қағидаттары іс жүзінде көрініс тапқан сан алуан мәдениетті және конфессиялы қоғамда келісім мен төзімділікті қалыптастыру ісіндегі Қазақстанның жетістіктері айқын көрінеді.

Бұл жетістіктерге арқау болып отырған Елбасының мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды дамыту мақсатында іске асырған бастамаларының алғашқыларының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы еді. Еліміздегі барлық ұлт өкілдеріне өз тілін, дінін, мәдениетін өркендетуге мүмкіндік беру саясаты қоғамдық келісім мен бейбітшілікті қалыптастыруға арқау болғаны даусыз. Шет елдерде баламасы жоқ мұндай институт қызметінде, тіпті әлемдік өркениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың мәселелерін шешуде қолдануға болатын мол тәжірибе жатыр.

Осыған орай елімізде Елбасының бастамасымен үш жыл сайын өткізіліп тұратын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің конфессияаралық келісімді нығайтуда халықаралық деңгейдегі орны ерекше. Әр съезд өз алдына күрделі мақсаттар қойып, соны жүзеге асыруда қыруар жұмыстар атқарып келеді.

2018 жылдың 10-11 қазан күндері Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемді жақтайды» тақырыбында жалпы отырыс Президент Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өтті. Елбасы өз сөзінде Қазақстан мен Астананың жаһандық дәрежеде бітімгерлік, әріптестік, толеранттылық пен жасампаздық идеяларын ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтті. Конгресс Қазақстанға бүкіл әлем алдында ұлттық консенсусты және қоғамды біріктіруін көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдайтын мол тәжірибеге ие және осы секторда кең де тиімді ынтымақтастыққа дайын ел екендігін осындай іргелі қадамдар дәлелдейді.

Ә.Нұрлан

ҚР ҚДМ ҚКК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Діни бірлестіктерді зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321