Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Өзгелер 3436 2 пікір 5 Желтоқсан, 2018 сағат 10:08

Трамп пен Шидің соңғы кездесуі немен аяқтады?

Аргентина астанасы Буэнос-Айрестте өтіп жатқан  үлкен жиырмалық елдердің кездесуінде, төрткүл дүние көз тігіп отырған Президент Трамп пен Ши төрағаның кезесуі болды. Екі жақты кездесу нәтижесінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 267 млрд долларлық сауда соммасына салынуға жоспарланған 25% кедендік салық  әзірше сол 10 пайыз күйінде қалды. Тек алдағы үш ай ішінде екі жақты жұмыс тобының селбесіп жұмыс істеуімен, жалғасты қарастырылатын, зерттелетін болды. Егер сол үш ай мерзім ішінде АҚШ тарапынан қойылған шарттарға Қытай тарапы сәйкестілік танытпаған жағдайда, жоспарланған 25 пайыздық кедендік салық салынатын болды.

Кездесуде толық қанды нәтиженің болмайтынын бәрімізде біліп отырдық. Себебі,  ұзақ жылдардан бері қордаланып қалған өнеркәсіп және ауылшаруашылығы салалары бойынша экспорт және импорт, техникаларды пайдалану құқығы, зияткерлік меншік,қызмет көрсету,ғаламторды пайдалану мәселелері секілді күрмеуі көп құрылымдық жүйедегі мәселелердің бір реткі кездесуде шешімін тауып кетуі мүмкін емес еді. Қалай болмасын, бұл «сауда соғысында» АҚШ тарапының десі басып тұрған секілді. Өйткені, өз айтқанына келіспесе салықты арттыратынын айтып отыр.

«Егер үш ай ішінде келісімге келмесе қалай болады?» –міне бұл өте маңызды тақырып. Аса ауқымды мәселелер болғандықтан қысқа ғана үш ай ішінде екі тарап ортақ мүдделерін қорғайтын келісімге келеді деп айту қиын. Себебі, АҚШ тарапының қойып отырған талаптары, Қытай экономикасының құрылымдық жүйесіне өзгеріс жасауда талап етеді. Бұл жағдайда, Қытай үкіметі экономиканың құрылымдық жүйесін қайта жасауға тиісті болады, ал бұл Қытай үшін тарихи шегініспен бірдей үдеріс болып табылады. Ал алған бетінен қайтпаса, онда АҚШ-тың салатын салығы Қытай экономикасын тығырыққа тіреуі мүмкін. Қалай болмасын, Қытай билігі екі оттың ортасында қалғандай күй кешуде. Бұл экономикалық қақтығыстың АҚШ экономикасына, әсіресе ауылшаруашылық саласына айтарлықтай әсер етері анық. Сол үшін АҚШ үкіметі де бұл экономикалық қақтығыстың тым ұзаққа созылып кетеріне мүдделі емес. Бірақ кедендік салықтың 10 пайыз күйінде қалуы және оның 2019 жылы үш ай көлемінде ғана сақталуы мен егер екі жақты келісім жараспағанда, оның 25 пайызға өсуі, АҚШ үкіметінің, экономикасының бұл қақтығысқа шынымен дайын екендігін және соған төтеп бере алатындай мүмкіндігінің барлығын көрсететіндей. Бұдан бұрынғы кездері 25 пайыздық салықтық өсім мүмкіндік ретінде қарастырылса, енді келесі жылы үш айдан соң  нақты іс-шара болып табылатыны анық болды.

Келісімнің үш ай мерзімге созылуы екі елдің алдағы тағы қандай саясатқа баратынын көрсеткендей. Дональд Трамптың АҚШ-ты дүниежүзінің нөмірі бірінше ел етіп сақтауға барын салуы, Қытаймен болған «Сауда соғысында» алған бетінен қайтпайтындығын көрсетеді. Ал ел іші мен сыртынан бірдей саяси және экономикалық қысымға бірдей тап болып отырған қазіргі Қытай билігінің   осы уақыт ішінде қалай іс-шараларға барары беймәлім. Оны алдағы уақытта көреміз.

Қастер Сарқытқан

Абай атындағы ҚазҰПУ ұстазы 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2013