Сенбі, 10 Мамыр 2025
3719 5 пікір 6 Желтоқсан, 2018 сағат 10:28

Еуроодақ ресейлік жалған мәліметпен күресудің жоспарын әзірледі

Еуропалық комиссия Ресей тарапынан келетін жалған ақпаратпен күресудің жоспарын әзірледі. Оның басты мақсаты – 2019 жылдың мамыр айында Еуропа парламентіне және 2020 жылдары Еуропа елдерінде өтетін сайлауға Кремль тарапынан кедергі келтіруге жол бермеу.

Еуроодақ жалған ақпарат таратуда Ресей басты қауіп деп біледі. "Сириядағы соғыс, Украинадағы MH17 ұшағының апатқа ұшырауы және Солсберидегі химиялық шабуыл кезінде ресейлік жалған мәлімет тарату кампаниясы күшті жұмыс істеді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да бар. Енді басқа елдер де Ресейдің тәсілін үйреніп, жалған ақпарат тарату стратегиясын енгізуі мүмкін", – делінген Еуропалық комиссия ұсынған жоспарда.

Құжатта жалған ақпаратпен күресу үшін, арнайы институттар жұмысын күшейтуді ұсынады. Сонымен бірге сыртқы саясат мекемесінің стратегиялық коммуникация жұмысының бюджетін екі млн еуродан бес млн еуроға дейін ұлғайту қарастырылған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2007
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3007