Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 6494 150 пікір 6 Желтоқсан, 2018 сағат 10:47

Елбасы мақаласы жаңа міндеттерді жүктейді

Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастықта өз орнын тапқан, дамыған экономикасымен, жүйелі әрі тұрақты ішкі және сыртқы саясатымен ерекшеленетін, тірегі мықты мемлекет ретінде қалыптасты. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы, оның әлемдік деңгейде мойындалуы, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тұлға ретінде жоғары бағалануы және оның шет елдермен көп қырлы қарым-қатынастарынсыз мүмкін болмас еді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының түп мақсаты - «Мәңгілік Ел» ұлттық идея екенін тарихи құндылықтар арқылы ашып көрсету болып табылады.

Елбасы қазақ халқының салт-дәстүрін және Қазақстан халқының рухани құндылықтарын негізге ала отырып, қоғамдық сананы заман талабына сай жаңғырту, соның негізінде қоғамды дамыту бүгінгі мемлекет алдында тұрған ауқымды міндеттерді анықтайды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына, елдің даму болашағына арналған бағдарламалық мақаласы мазмұны жағынан терең, бұған дейін ел дамуының бағытын межелеген «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына сүйенеді және ол жаһандану заманында халықтың бірлігін, елдің тұтастығын сақтап, нығайтып отыратын ұлтымыздың төл мұраларын дәріптеуге негізделеді.

Өткен тарихты зерттемей, жарқын болашақты болжау мүмкін емес. Осыған орай, Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Ұлт тарихындағы кеңестік пен уақыт» деген бірінші тарауында мынадай басты ұлттық құндылықтарға тоқталады: атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы жібек жолы, Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны деген бағыттарына ерекше тоқталады. Бүгінгі заман талабына сай біртұтас ұлт болу немесе халықтың бірлігін сақтау үшін жергілікті тұрғындар осы мақаладағы жарияланған ұста­ным­дардың маңыздылығын терең сезінуі қажет. Мақалада Мемлекет басшысы ұлттық сананың заман талабына сай өзгеруі, оны өмір сүріп отырған қоғамымыздың қозғаушы күшіне айналдыра білу жөніндегі өз ойын да ортаға салады.

Президент Н.Назарбаев Алматы апортының арғы атасы - Сиверс алмасының отаны екенін және оның Алатаудың бауырайында өсетінін ерекше атап өтеді. Осы танымал жемістің терең тарихына үңіліп, оның Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралғанын баяндайды. Айта кетсек, 1913 жылы Париж қаласында өткен Ресей патшасы  Романовтар әулетінің 300  жылдығына арналған Дүниежүзілік көрмеде Алматы апорты қойылып, жұртшылықты таң қалдырады.

Сонымен қатар қызғалдақ гүлінің отаны - Қазақ елі екенін, осы әдемі өсімдіктің Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін бастапқы күйінде сақталғандығын және бүкіл әлемге таралғанын нақты атап өтеді. Бірақ, қызғалдақ гүлінің тарихына үңілсек, ол 10 миллионнан астам жыл  бұрын Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болып, өзінің әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап алып, біртіндеп  дүниежүзіне  тараған. Халықтың басым көпшілігі қызғалдақ гүлінің шығу тегін Голландия елімен байланыстырады. Алайда, «жабайы» қызғалдақтар отаны - Қазақстанның оңтүстігі, бұнда әлі  күнге дейін осы керемет гүлдің әдемі түстерінің аз таралған сорттары өседі.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» деген тарауында мынадай ірі жобаларды қолға алуды ұсынады: «Архив-2025», Ұлы даланың есімдері түркі әлемінің генезисі, Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тарихтың кино өнері мен теледидардағы көрінісі. Елбасы өзінің мақаласында атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы Дала - Қазақстаннан тарағанын айта өтіп, оны жастардың арасында насихаттау, болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізудің фәлсафалық мәнің түсіндіреді.

Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды дәріптеуде,  өскелең ұрпақты тәрбиелеуде «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар мұражайы» сияқты ірі жобалардың жүзеге асырылуы  әрқашан да өзекті болып табылады. Ал киноиндустрия мен мультсериалдар арқылы ұлттық батырларды насихаттау - Елбасының қарапайым халықтың ықыласын сезінуінің көрсеткіштерінің  бірі. Осы ірі жобаларды іске асыру заманауи, дамып келе жатқан Қазақстанды қалыптастыруда жаңа кезең болатынына сенімдіміз.

Қорыта айтқанда, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында зерделенген құндылықтарды және халыққа ұсынылған идеясын терең ұғына білу, уақытылы жүзеге асыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы өз ұжымында талқылап, туындаған терең мағыналы ой-пікірлерді білікті де білімді, әлемдік бәсекелестікке сай жаңашыл мамандар дайындау үрдісіндегі сананың іс-әрекетін озық жүру қажеттігін арттыратындығын және  жас ұрпақ тәрбиесіне   басты назар аударатынын тағы да айшықтай түседі.

Бауыржан Жүнісов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры

Abai.kz

 

 

 

150 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321