Жексенбі, 16 Желтоқсан 2018
Абай-ақпарат 524 2 пікір 6 Желтоқсан, 2018 сағат 22:33

Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордамыздың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Астанам, сенсің айбарым!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биыл 7-ші рет өтетін «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған сынды азулы ақындар қатысады.

Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

Айтыс 16-17 желтоқсан күндері «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Екі күнде де сағат 15:00-де басталады.

Билеттер: «Қазақстан орталық концерт» залының кассасында және кассир.кз сайтында сатылады. Байланыс телефондары: +7 7172 705 8566, +7 707 346 3466

Abai.kz

2 пікір