Жұма, 22 Қараша 2024
3543 0 пікір 7 Желтоқсан, 2018 сағат 09:58

Вашингтон Ресейді 9М729 зымыранынан бас тартуға шақырды

Вашингтон Ресейді 9М729 зымыранынан бас тартуға шақырып, бұл орта және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келісімді бұзады деп мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысының қарулануды бақылау жөніндегі орынбасары Андреа Томпсон 6 желтоқсанда Ресей қолданбақ зымыранның таралу аумағы 5500 шақырымға дейін жетеді деп мәлімдеді.

Осыған дейін АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Вашингтон зымырандар жөніндегі келісімге қатысты Ресейді сенімді әріптес ретінде көрмейді деп атап өткен. Джон Хантсманның сөзінше, Ресей келісімді орындауға ниетті екеніне ыңғай танытпаған. Дипломат АҚШ Мәскеумен келісімді сақтау үшін соңғы бес жылда 30 рет талқылағанын айтты.

Қазан айында АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон зымырандар жөніндегі келісімнен шығуға ниетті деп мәлімдеген. Ол Ресейді келісімді бұзып отыр деп айыптады. 500-ден 5500 шақырымға ұшатын зымырандардан бас тарту жөніндегі келісімге 1987 жылы қол қойылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303