Сенбі, 23 Қараша 2024
2732 6 пікір 9 Желтоқсан, 2018 сағат 18:16

Жоғарғы Рада Ресеймен достық жөніндегі келісімді тоқтатты

6 желтоқсанда Украинаның Жоғарғы Радасы «Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және әріптестік жөніндегі келісімді тоқтату жөніндегі» заң жобасын мақұлдады.

Құжатқа 277 халық депутаты дауыс берген.

Заң жобасын парламентке 3 желтоқсанда Украина президенті Петр Порошенконың өзі ұсынған. Оған Керчь бұғазында ресейлік әскердің үш украин кемесін атқылап, тұтқындағаны себеп болды. Заң жобасының "жедел қаралуы керек" статусы болды.

Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин украин дипломаттары Ресеймен 48 келісімді тоқтатқанын, енді таяу уақытта 40 келісімге де нүкте қойылатынын жеткізді.

Украина мен Ресей арасындағы достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімге 1997 жылдың 31 мамырында сол кездегі екі ел президенті Леонид Кучма мен Борис Ельцин қол қойған. Келісім он жылға (одан әрі автоматты түрде жалғаса береді) қол қойылған. Жоғарғы Рада мен Мемлекеттік дума құжатты бекіткеннен кейін, келісім 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енді.

6 желтоқсанда Украина Жоғарғы радасы шекарашыларға территорияға қауіп төнген кезде, ескертусіз оқ атуға рұқсат берді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371