Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3150 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 04:59

Бүгін елдің басым аумағы антициклонның ықпалында болады, шығыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, жауын жауады

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады.

Ал республиканың шығыс және оңтүстік өңірлеріне өзімен бірге жауын-шашындар мен найзағай алып келетін - атмосфералық ағымдар әсер етпек.

Мәселен, Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл мен 15-20 м/с екпіндегі күшті желдер күтілуде.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарында жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайтын болады.

Ал Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарына түнде тұман түседі деп болжануда.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, Алматы облысының таулы өзендеріндегі қауіпті жағдай бүгін де сақталады. Еске салайық, «Қазгидромет» 26-28 сәуір күндері аралығында ауа температурасының жоғарылауы мен күтіліп отырған жаңбырларға байланысты облыстың таулы өзендері арналарынан тасып, су басу жағдайлары болуы мүмкіндігі туралы ескерткен болатын.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су көлемінің ауытқуы байқалады. Жайық өзенінің Атырау облысының маңынан ағып өтетін бөлігінде, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде және Ертіс өзенінде су деңгейінің байыппен көтерілуі жалғасқанымен тасулар мен су басу жағдайлары күтіліп отырған жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552