Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3182 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 05:02

Жамбылдық полицейлер ұрланған төрт көлікті иелеріне қайтарды

ТАРАЗ.  28 сәуір.  ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Көлік  ұрлаумен күресуге  бағытталған   операцияның екі күнінде жамбылдық полицейлер төрт көлікті иелеріне  қайтарды, деп  хабарлады   Жамбыл облысы Ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен.

«Алматы облысындағы  Каменка селосында тұратын  27 жастағы  азаматтың «Фольксваген-Гольф-2» көлігін белгісіз біреулер  оның ауласынан   ұрлап  әкеткен.    Жамбыл облыстық  жол полициясының инспекторлары  Қарасай аудандық  ішкі істер басқармасы  іздеу жарияланған   бұл шетелдік   көлікті  айдап  әкетушіні  тапты», -  деп   хабарлады  облыстық ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінің    жетекшісі, полиция полковнигі  Роза Қалдыбекова.

Ұрыны    оқиғадан екі айдан кейін  Мерке ішкі істер   бөлімінің    із кесушілері  облыстық жол  полицейлерімен бірлесіп    ұстады -  Мерке стансасының 22 жастағы тұрғыны ұрланған көлікті әлі сатып үлгермеген болып шықты.

«Тараз  қаласының тұрғыны, 39 жастағы    әйел өткен жылдың  қараша айында қолды  болған   өзінің  «Лексус RX-300»  көлігіне  қайта қол жеткізді.    Тараздың тағы бір тұрғыны ақпан  айында  өз ауласында тұрған «Мазда-626» көлігінен айырылып қалған еді, тәртіп сақшылары  оны   келесі күні    әуежай маңынан тапты»,  - деп    хабарлады полиция     полковнигі.

Жол полициясы басқармасы жедел-іздеу бөлімінің  басшысы,  полиция майоры   Бақыт Қапалбаевтың айтуынша,   «БМВ-525» көлігін   ұрлаған  Байзақ ауданындағы Сарыкемер  ауылының 24 жасар тұрғыны   таныстарының үйінде,  23   ақпанда   ұсталған.  «Полицейлер   оны бір апта бойы аңдыған.   Және күдіктінің  ұрланған көлікті кепілге қойып, ақшамен ізін жасырғанын анықтады.  Ұсталған  әлгі азамат    өз  немере бауырының көлігін  айдап  әкеткен  болып  шықты».  Көлік  иесіне  қайтарылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5557