Сенбі, 23 Қараша 2024
3407 0 пікір 13 Желтоқсан, 2018 сағат 10:37

Душанбеде Рустами Эмомалише шаш қою сәнге айналды

Жергілікті шаштараздар соңғы кезде жастар келіп, шаштарын Душанбе әкімінің шаш үлгісіндей етіп алып беруін сұрап жатады дейді. Тәжікстан президентінің үлкен ұлы Рустами Эмомали екі жыл бұрын Душанбе мэрі болып тағайындалған.

Душанбе тұрғыны Рамазон досының үйлену тойы алдында шатаразға барып, Рустами Эмомалише шашын алғысы келетінін айтқан. «Жаңа шаш үлгісі бәріне ұнады. Кез-келген киіммен жараса кетеді»,- деді Рамазон.

Оның сөзінше, қазір қалада жастардың көбі осы шаш үлгісін таңдайды.

Душанбе орталығындағы сұлулық салонында істейтін Абдулло күніне 4-5 жас жігіт келіп, Рустами Эмомалидің шаш үлгісіндей етіп, алып беруін сұрайды дейді. Ол мұндай шаш үлгісі шамалы қымбатқа шығатынын айтады.

2017 жылдың басында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбені 20 жылдан бері басқарып келе жатқан Махмадсаид Убайдуллоевты қызметінен алып, оның орнына өзінің ұлы Рустам Эмомалиді тағайындаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415