Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
6271 1 пікір 19 Желтоқсан, 2018 сағат 10:36

Әлихан Бөкейхан қамалған әйгілі Бутырка түрмесі жабылады

Түрменің жабылатыны туралы Ресей Жаза атқару бойынша федералдық қызметі төрағасының орынбасары Валерий Максименко мәлімдеді, деп хабарлайды Абай-ақпарат turkystan.kz-ге сілтеме жасап.

Оның айтуына қарағанда, қала басшылығынан Бутырканың орнына Мәскеудің жанынан 2000 орындық жаңа түрме салып беруді сұраған. Жаңадан салынатын абақты еуропалық стандартқа сай, бір адамға 7 шаршы метрден есептеледі.

Бутырка - Мәскеудің ең ірі және ең көне түрмелерінің бірі. Ол 1771 жылы құрылып, содан бері бірнеше рет күрделі жөндеуден өткен. Кезінде бұл түрмеде көптеген қазақ зиялылары отырған.

Басқасын айтпағанда Алашорданың негізін қалаған Әлихан Бөкейхан Бутырка түрмесінде азап шеккен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 410
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1440
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 377
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 349