Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3528 0 пікір 2 Мамыр, 2011 сағат 22:45

Бақтыбай Айнабеков. Өзіңіз дайындаған қаулыға өзіңіз баға беріңізші, облыс әкімі Б.Қуандықов мырза?..

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы А.Мусиннің,

Бас прокурор А.Дауылбаевтың назарына!

Бисмиллаһир Ирахманир Рахим

2008 жылдың соңына таяу, «Заң газетінде» (№121, 12 тамыз.) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімі Ерлан Мұстафаев туралы менің «Шиеліні шуылдатқан әкім, Жаңақорғанды жарылқай қояр ма екен?» деген үлкен  облысқа жаңа келген әкім Болатбек Қуандықовпен кездесудің реті келді.

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы А.Мусиннің,

Бас прокурор А.Дауылбаевтың назарына!

Бисмиллаһир Ирахманир Рахим

2008 жылдың соңына таяу, «Заң газетінде» (№121, 12 тамыз.) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімі Ерлан Мұстафаев туралы менің «Шиеліні шуылдатқан әкім, Жаңақорғанды жарылқай қояр ма екен?» деген үлкен  облысқа жаңа келген әкім Болатбек Қуандықовпен кездесудің реті келді.

Әрине, бір облысқа басшылық ету, оның әкімі болу екі адамның бірінің маңдайына жазылар бақ емес. Cонымен қатар облыстың экономикалық және әлеуметтік жағдайын арттыруда оған артылар міндет пен сенім жүгі де тым ауыр. Ең алдымен қалың бұхарамен жұмыс істесе білуі керек. Көптің көңілінен шығу  оңай шаруа емес. Бұл орайда  облыстың, ондағы тұрып жатқан әрбір тұрғынның әділ жанашыры һәм қамқоршысы болуы керек. Қуанғанмен бірге қуанып, қайғырғанның қасында болып, жылағанның көз жасын сүрте білуі міндет. Қазіргі таңда жоқшының ең үлкен және ең жақын жанашыры - әкім. Осыған көндіккен басшы ғана  ел ықыласына бөленіп  өсіп өнеді, облыс тарихында жақсы аты қалады. Егер облыс көлеміндегі ауылды ауылдан, ауданды ауданнан, тіпті сол мекендерде тұрып жатқан адамды адамдардан бөле қараған, жершілдік, рушылдық ықпалында кеткен   әкім болса  ешкімді де, еш нәрсені де ұшпаққа шығармайды. Басқарған жерін өзінен соң біразға дейін айығып болмас «сырқатқа» ұшыратып кетеді...

Жаңа  әкім Болатбек Қуандықовпен болған сағатқа жуық  кездесуімде, осы айтылған әңгіме төңірегінде тереңірек ой бөліскенбіз. Несін жасырамыз, Қызылорданың күні бүгінге дейін шығысы орта, батысы кіші жүз болып іштей де болса аздап бөлінетіні бар. Оны да қалыптастырып кеткен бұрынғы бір-сәр басшылар. Осы тінді одан әрі ажыратпай, сынықшыдай сыйпалап ұстай білген басшының ақыры жаман болмайтын...

Бүгін, арадағы сол әңгімені таразыға салып, әкім ретінде  Болатбек ініміздің өзі тындыра салар бір шаруаның аяғы орынсыз сиыр құйымшақтанып ұзаңқырап кеткен соң,  журналист-жазушы ретінде есіне салуға тура келіп отыр. Өйткені бұл әңгіме түйіні сол - «Шиеліні шуылдатқан әкім, Жаңақорғанды жарылқай қояр ма екен?» атты мен жазған мақаланың кейіпкері  Ерлан Мұстафаев пен облыс әкімі Болатбек Қуандықов мырзалардың тікелей өздеріне барып тіреледі.

Бірден ашып айтайын, осы орайда менің соңғы бір жарым жыл көлемінде «ҚАЗАҚСТАН - ZAMAN» газетінде    ( №35, 03.09. 2009ж.)  «Облыс әкімі Б.Қуандықов мырза, «Өлі моншаңызға» егелік етіңізші...» немесе үш азамат нақақтан-нақақ түрмеде неге отыр?», «Жас қазақ үні» (№17,27.04.2010ж) газетінде    «Қызылорда облысының әкімі Б.Қуандықов, облыс прокуроры Б.Есенбеков мырзалар Газетке нақтылы жауап беруден неге жалтарады? Әлде қылмысты бүркемелегендеріне қысылып жүр ме?», «Төртінші билік» (№3 26012011ж) газетінде «ҚР Бас прокуроры Қ.Мәмидің назарына! «Қайыра хат жазамын қайран болса...» деген тақырыптармен мақалаларым жарияланды.

Әңгіме осыдан екі жыл бұрын  Шиелі аудандық сотының төрағасы С.Сүлейменов, аудан әкиматының «Шиеліні көркейту» мекемесін тарату туралы қаулысынан соң, аталған мекемені тарату комиссиясы құрылып,  аудандық салық комитетінің төрағасы Данабек Ермағанбетов, банкротқа кетіп жатқан кәсіпорын директоры Еділ Жұбанышбеков, бас есепші Мұхамедияр Жүсіп аталынған мекеменің Қызылордада тұратын 100 орындық монша ғимаратын 0,45 гектар жерімен бас пайдаларына жаратып, олар тергеу қорытындысымен сол моншаны сатудан түскен мемлекетке 29 848 000 теңге зиян келтіргенін сот өндірісінде анықтап, «...Ермағанбетов Данабек Қуандықұлын Қазақстан Республикасы ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «а,б,г» тармақтарымен және 307 бабының  2 бөлігімен кінәлі деп тауып, ҚК-нің  176 бабының  3 бөлімінің «а,б,г» тармақтарымен оның мүлкін тәркілеп және мемлекеттік қызмет лауазымдарын атқару құқығынан жеті жылға айыра отырып,  5 жылға бас бостандық еркінен айыруға, ҚК-нің  307 бабының 2 бөлігімен екі жылға бас бостандық еркінен айруға, ҚР ҚК-нің   58 бабының 3 бөлігінің талабына сай қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен(!) түпкілікті мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет лауазымдарын атқару құқығынан  7 жылға айыра отырып,  5 жылға бас бостандық еркінен айыру жазасын тағайындауға, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуді белгілеуге...» деп «асығыс, әрі заңсыз» үкім шығарған болатын. Бұлай айтып отырғанымыз, айыпталушылардың сот шешіміне орай «...қаржы полициясы мен сот тергеуі жан-жақты обьективті жүрмей ҚР ҚІЖК- нің 24 бабы өрескел бұзылды...» деп облыстық соттың қылмыстық істер қарайтын апелляциялық алқасына  шағымдануында келтірілген, дәлелді құжаттары мен нақтылы деректері  біраз әділетсіздіктің бетін ашып берген-ді. Бұл құжаттар мен деректер Қызылорда облысының әкімі Б.Қуандықов пен Шиелі ауданының бұрынғы әкімі Е.Мұстафаев жасаған заңсыздықты  қомағай заңгерлер қалай бүркемелеп отырғандығын көрсеткен.

Осы әділетсіздікке орай менің жазған осы төрт мақаламнан тыс сол кезде республикалық үш басылым; «Қазақстан» газеті «Қылмыс қай жерге бой тасаласа - сол жерге әлек кіреді.  (№37, 02 10 2008 ж), «Жас Алаш» газеті «Шиеліше соттау».  (№79, 02.10.2008 ж), «Заң газеті» «Өлі моншаның» иесі кім?» (№154, 09.10.2008 ж), «Қазақстан» газеті «Меңдуананы жеген кім?», (№20 28.05 2009ж) деген тақырыптармен олар да шыңғырған шындыққа араша түсіп,   сот өндірісінде орын алған өрескел кемшіліктерге мән берілуін талап етіп, өз үндерін қосқан.

Елбасымыз үнемі БАҚ-тардағы сын материалдарға уақтылы жауап беруді қаншама міндеттеп, оның орындалуын қадағалауды тиісті заң орындарына тапсырса да, ол «сырқаттан» басқа мекемелер түгілі, сол заңдылықтың мүлтіксіз орындалуын бақылайтын құқықтық орындардың өздері таяу арада айыға қоятын түрі көрінбейді.

Газеттердегі сынға  жауап болмады. Осы аралықта сотталушы азамат Шиелілік Данабек Ермағанбетовтен өз тағдырына араша түсу туралы менің атыма Сенім хаты мен өз өтініші түсті. Осы өтініш бойынша  Қызылордаға барып, нақтылы қосымша құжаттарды тағы да іздеуге тура келді. Таптым. «Бақсақ бақа екен» демекші, табылған құжаттарға қарасам, бұл мәселеге шынымен-ақ  облыс әкімі Б.Қуандықовтың тікелей қатысы бар болып шықты.

Қазақта «Бүлінгеннен бүлік алма» деген қарғыстан жаман мақал бар. ҚР Президентінің 31.03.1999 жылғы №104 санды жарлығына сәйкес,  20.05.1997 жылдан жұмыс істеп келген Қызылорда арнайы экономикалық аймағының қысқартылуы біраз лауазымды адамдарға нан болып қалыпты. Өзі тіршілік етіп тұрған кезінде біраз қаржыға иелік етіп тұрған бұл дырдай мекеме көз алдарында қысқарып кеткен соң, мекеме қазынасындағы мемлекеттен бұрын бөлініп қойған қаржыға оқпаны ашылған мекеме басшылары жетерлік болған. Олардың бәрі жайлы деректерді керек етсе құқықтық орындар өздері анықтай жатар, ал біз облыс әкімі араласқан бір былықтың бетін ашалық. Мынау облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес депортаментінің маған берген жауап хатынан үзінді.

«...Экономикалық және әлеуметтік даму қорынан Қызылорда арнайы экономикалық аймағының әкімшілік кеңесінің шешімімен «Айжан» ШЖҚ-на «Қызылорда рисмаш» зауытын қалпына келтіруге және жаткалық машиналар шығару үшін 20.05.1997 жылы №31 санды және 02.09.1997 жылғы №74 санды келісім шарттарымен қордың есебінен 30 миллион теңге несие берілген. Кейіннен Қызылорда арнайы экономикалық аймағының қысқартылуына байланысты Қызылорда қаласының әкімі 12.04.1999 жылы №196 қаулысымен бұл қаржының қайтарып алу құқығын «Қызылорда» ММ-не берген. Облыс әкімінің 14.01.2000 жылғы №133 шешімімен «Қызылорда» ММ-нің  29 848 000 теңге дебиторлық қарызы «Қызылорда Сервиз» МКК-на өткен..»

Осы жерде хаттағы осы үзінді мен №12-8/12778 актідегі тіркеліп көрсетілген нақтылы құжаттарға сай мынадай пікір айтқымыз келіп отыр. ШЖҚ «Айжанға» (Ж.Ш.С «Бейбарыс») Қызылорда арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының 28.05.1997 жылғы №17-ші қаулысымен және «Қазагропромбанк» Қызылорда филиалының 20.05. және 02.09.1997 жылғы 31-ші  және 74-ші нөмерлі кредиттік келісім-шарттары негізінде 6-айға дейінгі 8% несиемен жалпы сомасы 30 млн. теңге берілген. Яғни 20.05.1997 жылы алынған 20 млн. теңге несиенінің толық өтеу мерзімі 20.11.1997 жыл, ал 02.09.1997 жылы алынған 10 млн.теңге несиенің толық өтеу мерзімі 28.02.1998 жылға дейін деп көрсетілген. (Келісім-шарттағы екі жақты қол қойып мөр басылған мәліметтер қолымызда). Бұл 30 млн. теңге несие мерзімінде өтелмеген. Өтелмеген мемлекет қарызын қайтармағаны үшін қылмыстық іс қозғату орынына, сол кездегі қала әкімі Е.Досмамбетов 12.04.1999 жылғы өзінің №196-шы қаулысымен  30 млн.теңгені 8% мөлшерімен қайтарып алу құқығын  "Қызылорда» мемлекеттік кәсіпорынына берген. Осындай заңсыз қаулы алынғанда қалалық прокурор қайда қарап отырған? Не себепті келісім-шартта көрсетілгендей  бұл қаржыны өндіріп алуды заңға сәйкес сотқа жүгініп дер кезінде мемлекетке өндіріп алу шараларын ұйымдастырмаған?  Бұған қосымша сол кезде несие алу кезінде кепілдікке қойылған мүліктер қайда?.. Өйткені бұл қаржы нақтылы ақшаға айналып сол кезде «дөкейлерге» қолды болып үлгерген еді...

Әрине, мұнша қаржыны қанша «дөкей» болсаң да өңештен өткізіп жіберу оп-оңай шаруа емес. Бұл үшін облыс әкімі 14.01.2000 жылы «Қызылорда» мемлекеттік кәсіпорынын «Қызылорда-Иновация» және «Қызылорда-Сервиз» мемлекеттік кәсіпорындары етіп құру туралы өзінің №133 шешімін алды.  «Қызылорда-Сервиздің» Жарғылық капиталы 29 848 000 (жиырма тоғыз миллион сегіз жүз қырық сегіз мың) (Сот Үкіміндегі қаржы) теңге, жетекшісі Ерлан Мұстафаев деп көрстетіліп, облыстық  Әділет басқармасына тіркелді. Артынша араға уақыт салып, 22.11.2002 жылы №347 қаулысымен жаңа ашылған бұл мекеме  Шиелі ауданы әкімінің аппаратына берілді. Екі қаулының да орындалуын бақылау сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Б.Қуандықовқа жүктеліпті. Бұл шаруаны толық аяғына дейін жеткізу үшін облыстық әкимат 14.03.2003 жылы тағы да Шиелі ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шиеліні Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын құру туралы №450 қаулысын шығарыпты. Осы қаулы негізінде Шиелі ауданының әкімі аппараты 01.04.2003 жылы №49 санды Шиелі ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шиеліні Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын құру туралы бұйрығы өз ізімен өмірге келеді. Жаңа мекемеге мемлекеттік бола тұра жарғылық қаржы қаралмайды(?!). Бұл заңсыздыққа көнбеген  Шиелі аудандық әділет басқармасы 22.11.2005 жылы «Шиелі көркейту» мекемесі жарғысына өзгерту мен толықтырулар енгізуін тіркеуден бас тартқан өзінің №158 санды бұйрығын шығарады. Аудандық Әділет мекемесі тарапынан шығарылған бұл заңды қарсылыққа аудан әкімшілігі қазақша айтқанда көтен зорлықпен қысым жасап  25.12.2005 жылы  мекеменің Жарғысы   аудан әкиматының №1186 санды қаулысымен бекітіледі(?!...). Масқара! 18.05.2005 жылы  Шиелі ауданының әкімі өзінің №981 қаулысымен Қызылорда қаласында орналасқан «Қызылорда-Сервизді»  өз териториясына кірмесе де, «Шиеліні көркейту» мекемесіне қосу туралы(?!)  қаулы алады. Қаншама заңсыздық, қаншама заң орындарының көзіне түспеген құйтырқы құжаттар!... Осы жерде ойланып қаралықшы, Қызылорда қаласына коммуналдық қызмет көрсететін мекемені, өз күнін өзі әзер көріп отырған, қаладан 200 шақырым шалғайдағы Шиелі ауданы әкімдігіне аударар бастарына не күн туды екен?.. Қарап отырсаң жаңадан ашылған «Қызылорда-Сервиз мемлекеттік мекемесі жұмыс жасамаған, тек қана заңсыз алынған облыс әкімінің қаулысы ғана жұмыс жасап отырған...

Менің әдетім, орнынан кеткен адамның артынан жамансөз айтпаймын және «құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайдының» қатарынан емеспін. Таяуда облыстық және республикалық теледидарлар Қызылорда облысының әкімі Б.Қуандықовты босатып, орынына  Күрішбаевтың бекігендігін хабарлады. Артынша жалған ақпарат таратқанына сол БАҚ-тар көрермендерден кешірім сұрап жатты. Маған да керегі осы болатын. Б.Қуандықов мырза жоғарыдағы біз әңгіме еткен облыс әкімінің қаулылары мен шешімдерін өзі дайындап, өзі орындаушы болды ғой. Шығарылған осы қаулылардың заңдылығына тиісті баға беруді сұрап облыс прокурорына хат берсем, ондағылар әділ жауаптан жалтарып,  облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес депортаментіне жіберді. Бұл мекеме  бастығының орынбасары Т.Шынтаев өз жауабында; «Жинақталған құжаттар бойынша, жоғарыдағы аталған мекемелерге қатысты шығарылған қаулылардың заңдылығына тиісті баға беру прокуратура органдарының тікелей құзыретінде екендігін есіңізге саламын» деп прокурордың сауатсыздықтарын әдемі беттеріне баса отырып, маған

жазған жауаптарында шыр-пыр болады. Менің есіме бұл сауалды кезінде осы қаулыларды дайындауда басы қасында жүрген Б.Қуандықов мырзаның өзіне қою кештеу түсіп отыр. Кеудесінде аз кем иманы болса, өзі дайындаған №133, 347 және осы қаулыны іске асыруда қала мен аудан әкімдері алған №196, 450, 981  заңсыз қаулының арқасында сотты болған азаматтардың көз жасын әкім мырза бізден бұрын өзі сүртуі тиіс емес пе?..

Б.Қуандықов мырза шығарылған қаулылардың заңдылығына назар аударған кезде, мына фактілерге де зер салса артық болмас  еді; «Қызылорда» ММ-нің құрылтайшысы облыс әкімі 05.01.2000 жылы №126-шы қаулысымен осы аталған мекемені қайта құру негізінде шаруашылық жүргізу құқығындағы екі мемлекеттік мекемені жаңадан ашу жөнінде комиссия құрып  және осы комиссияға тарату балансын 2000 жылдың 13-ші қаңтарға дейін бекітуді тапсырады. Бұл қаулының орындалуы сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Б.Қуандықовқа жүктеледі. Осы қаулыға сәйкес комиссия мүшелері 05.01.2000 жылы сол күнге жаңадан ашылмаған белгісіз екі мемлекеттік мекемеге тарату балансын жасап оны сол күні бекітеді(!). Бұл жаңадан ашылатын мекеменің біреуі «Қызылорда-Сервис» Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорыны Қызылорда Әділет басқармасына 20.01.2000 жылы ғана (№3842-1933-МК нөмерімен) тіркелген. Ал енді ҚР Азаматтық кодексінің 47-ші бабында «Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтарымен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға бөлінген және бөліп шығарылған жағдайда бөлу балансына сәйкес ауысады. Айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілерімен борышқорларына қатысты, барлық міндеттемелері бойынша соның ішінде тараптар дауласқан міндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелері болуы тиіс»- делінген.

Сонда Заң не деп тұр, заңды белінен басқан әкімшілік қаулысы не деп тұр?..  Бізге түсініксіз, әкім мырза не айтар екен?...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1531
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5981