2017 жылы Түркия Ресеймен С-400 зениттік-зымырандық кешенін сатып алу туралы келісімге отырған. Тауар 2019 жылдан бастап жеткізіле бастауы тиіс болған.
АҚШ пен НАТО өкілдері Түркияға бірнеше мәрте ескерту жасап, Ресей зымыран жүйесі НАТО-ның әуе қорғанысы жүйесіне үйлеспейтінін мәлімдеген. Вашингтон Анкараны райынан қайтаруға тырысып, өзінің "Патриот" зымыранға қарсы жүйесін ұсынған. Түркия Ресейден қару сатып алған жағдайда, АҚШ Анкараға қарсы санкция салуы мүмкін еді. Бірақ түрік билігі АҚШ-тың зымырандық-зениттік кешені Ресейдің С-400 кешеніне балама бола алмайтынын мәлімдеген.
Қараша айының соңында Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Ресеймен жасалған келісімнен бас тарта алмайтын мәлімдеген. Бірақ ол қаруды НАТО-дағы одақтастарынан сатып алуды қалайтынын ескертіп өткен.
Abai.kz