Сәрсенбі, 15 Қазан 2025
3752 1 пікір 20 Желтоқсан, 2018 сағат 10:45

Түркіменстан президентінің кезекті кітабы жарық көрді

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезекті кітабы жарық көрді. Елдің мемлекеттік басылымдары жазғандай, бұл - "Жаңа биіктікке өрлеу" кітабының 11-томы.

Көптомдық кітап түркімен, ағылшын, орыс тілдерінде басылып шығып жатыр.

"Кітапта елде халықаралық және конституциялық ұстанымдарға сәйкес жүргізілген құқықтық реформаларға үлкен мән берілген",- деп хабарлайды ТДХ мемлекеттік агенттігі.

"2017 жылдың маңызды оқиғаларының бірі - Гурбангулы Бердімұхамедов жеңіске жеткен президент сайлауы болды. Ол мемлекет басшысы қызметіне үшінші рет қайта сайланып отыр. Бұл - халықтың президент жүргізіп отырған саяси бағытын қолдауының айғағы", - деп атап өтеді ақпарат агенттігі.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедов 2006 жылдың соңында билікке келгеннен бері 50-ден астам кітабы түркімен және шет тілдерінде жарық көрді. Бір 2017 жылы Бердімұхамедовтің әртүрлі тақырыпта бірнеше кітабы басылып шықты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 890
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10094