Инга Иманбай. Алматыда өткен айтыс Қайрат Сатыбалдыны мадақтауға арналды
Біраздан бері "Нұр Отан" партиясының қанатында өтіп, партия аясындағы шара ретінде таныла бастаған айтысқа ынта басылмапты. Алматыда өткен "Төртеу түгел болса" атты айтысқа келген халықтың көпшілігі оған кіре алмай, сырттан қайтты. Далада қалып қойғандардың арасында қоғам қайраткері Асылы Осман да бар екен. "Сонша қауымды алып келіп мынадай қойша тоғыту жақсы емес. Бұлі кісінің не айтысты, не халықты сыйламағаны. Ал біз көкте Құдай, жерде халық дейміз. Сондықтан халыққа ерекше мән беруіміз керек", - деп ашынды Асылы Осман. Көрермен де қапалы. "Айтысты "Нұр Отан" қолына алды. "Нұр Отан" айтысты қолына алмай тұрып, оған еркін кіретінбіз. Казір кіре алмадық. Күзеттің өзі "Нұр Отан" айтысы деп қорқытады бізді", - дейді көрермен Елдос Үмбетәлиев. Сырттағы күзетшілермен ұзақ айтыстан кейін түсіру тобы мен сырттағы біраз адам нағыз айтысты тамашалауға мүмкіндік алды.

Ақындардың тоғыз жұбы негізінен дін мен иман төңірегінде толғады. Білетіндер мұны айтысты президенттің жақын туысы Қайрат Сатыбалдының қаржылай қолдауымен өткеніне байланысты десті. Сондықтан, ақындарға Ақордаға қатысты қатты сын айтпау туралы алдын ала ескертіліпті деген сөз бар. Көрермендер діни айтыс деп атаған додада ақындардың дені Қайрат Сатыбалдыны мадаққа қосты. "Негізінен осы идеяның ұйытқысы Қайрат Сатыбалдыұлы. Соның идеясы. Соның қолдауымен жасалып отыр",- дейді айтысты ұйымдастырушы топ өкілі Руслан Желдібай. Айтыс төңірегіндегілер Сатыбалдыға деген ыстық ықыласты оның бір топ ақынды қажылыққа апарғанымен байланыстырады. Ал көрермендер ақындар арасында биліктің жетегінде кеткендер көбейіп барады деп қайтты.
«Stan.tv» ақпараттық бейнепорталы