Сенбі, 23 Қараша 2024
3503 3 пікір 14 Қаңтар, 2019 сағат 16:58

Денис Тенді өлтірді деген айыпты кінәсін мойындады

Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында спортшы Денис Тенді өлімі бойынша өтіп жатқан сот процесінде күдіктілердің бірі Нұралы Қиясов "Мен кінәмді толық мойындаймын, алайда, біз кісі өлтіреміз деп алдын ала жоспарлаған емеспіз" деді.

24 жастағы Нұралы Қиясов пен тағы бір сотталушы Арман Құдайбергеновке "қарақшылық" және "кісі өлімі" баптары бойынша айып тағылған. Сотталушы, 23 жастағы Жанар Толыбаева "қылмысты хабарламады" деп айыпталып отыр. Құдайбергенов пен Толыбаева 11 қаңтарда сотта өздеріне тағылған айыппен келіспейтініні мәлімдеп, соттан айыпты өзгертуді сұраған.

Денис Теннің өлімі бойынша негізгі сот процесі 3 қаңтарда басталған.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда пышақталып, ауруханада қаза тапқан. Спортшыны қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер пышақтап, ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған. Ол көлігінің айнасын ұрлаған адамдарды тоқтатпақ болған кезде жараланған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408