Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3061 0 пікір 8 Сәуір, 2011 сағат 11:40

Самарқау жатқан аудандар көп

Мәжілісте облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Өскеменнің іргесіндегі «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша жаңадан бой көтерген оралмандарға арналған бас-паналарды өзге өңірлерде тұратын оралмандар отбасымен толтыру қажеттігін де айтты. «Салынып бітіп, даяр тұрған үйлер бос қалмауы тиіс. Ол үйлерді тиісті отбасыларымен толтыруымыз қажет. Егер баспана оралмандардан артылып қалып жатқан жағдайда жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша аудан әкімдіктерімен келісе отырып, алыс аудандардағы жұмыссыз отбасыларын қоныстандыру жағын да қарастыру қажет» дей отырып, осы және Елбасының берген басқа да тапсырмаларын орындау мәселелерін екі айдың ішінде елеп, екшеп жүзеге асыруды облыс Әкімінің орынбасары С.Әбденовке жүктеді. Бұл ауыл енді «Нұрлы жол» ауылы атанатын болды.

Селекторлық мәжілісте Семей, Өскемен, Шемонайха, Глубокое, Үржар аудандарының әкімдері Президент сайлауына дайындықтың барысы, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде баяндады. Облыс басшысы Абай, Аягөз, Катонқарағай, Тарбағатай аудандары мен Риддер қаласында «20 жарқын іс», «Туған жерге - тағзым» акцияларының дұрыс жүргізілмей жатқандығын сынға алды.

- Егер ешқандай спорттық шаралар, са-йыстар өткізілмесе, біз бұл өңірлерге спортзал, спорт алаңдарын, әлеуметтік нысандарды не үшін салып жатырмыз. Риддерде іс-шаралар жоспары да жасалмапты. Көкпекті ауданындағы атқарылып жатқан игі істерді өзге аудандарға көрсетіп, тарату керек. Сол жердің тумаларының, түлектерінің, кәсіпкерлерінің күшімен халыққа қажетті көптеген нысандар ашылып, жөнделді: балалар демалатын орын, мұражай ашылды, мәдениет үйі қандай. Ал Абай, Бесқарағай аудандарында мұның бірі де жоқ. Мұндай істерге «Нұр Отан» партиясынан бастап, барлық қоғамдық ұйымдар, жергілікті әкімдіктер атсалысуы керек, 2009 жылы «Туған ел - алтын бесігім» акциясы қалай өткізілсе, биыл да солай өткізуіміз керек. Мен Мемлекет басшысымен келістім, алдағы маусым айында Астанада Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндері өтеді. Оған да дұрыстап дайындалуымыз керек, - деді облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Сайлауға бір аптаға толар-толмас уақыт қалды. Облыс Әкімі қала, аудан басшыларына Президент сайлауын өткізуде барлық заңдылықтардың сақталуына көңіл бөліп, барлық үміткерлерге бірдей мүмкіндіктер туғызуды, өңірге шақырылып отырған 3000-ға тарта бақылаушыға, халықаралық бақылаушылар мен шетелдік журналистерге саяси науқанды бақылауына, демократиялық қағидалардың сақталуына жағдай туғызуды тапсырды. Сайлау алдындағы соңғы аптада облыс тұрғындарының сайлауға түгел қатысуын қамтамасыз ететіндей барлық мүмкіндіктерді жасап, жұмысты ширату жөнінде нақтылы міндеттер қойылды.

P.S. Ауа райын зерттеушілер аймақта сәуір айынан бастап күн күрт жылынады деген болжам жасап отыр. Осыған орай Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті, тағы да басқа аудандарда су тасқыны қаупі тууы мүмкін екендігін айтқан облыс Әкімі аудан әкімдеріне сақтық шараларын жүргізуді де тапсырды.

«Дидар» газеті №34, 29-наурыз, 2011 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608