Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2380 0 пікір 6 Сәуір, 2011 сағат 09:39

Сан салалы жұмыстар күтіп тұр

Аймақ басшысы ең бірінші кезекте ауа райы мамандары болжағандай, алдағы күндері күтілген күннің күрт жылынуына байланысты қауіпсіздік шараларын жүргізуді қолға алу қажеттігіне тоқталды.

- Аптаның соңын ала ауа температурасы +12 градусқа, сәуірдің 20-сына қарай +25 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар. Соған сәйкес біз қазірден бастап тиісті жұмыс тобын құрып, шұғыл іске кірісуіміз қажет. Әрбір аудан мен қала бойынша кемшіліктер анықталып, тез арада жою жұмыстары жүр-

гізілсін. Әсіресе гидротехникалық ғимарат-тар орналасқан елді мекендердің әкімдері барлығын аралап, бір-екі күннің ішінде маған қажетті ақпараттарды берсін. Су қондыр-ғылары бар жерлерді қадағалау тәулік бойы жалғассын. Былтырғы жүзеге асырылған іс-шаралар қайтадан қолға алынсын, - деп шегелеп тұрып тапсырған облыс Әкімі өзінің орынбасары Григорий Пинчукке аталған сала мамандарымен бірге облыстағы су қоймаларын, тоғандар мен бөгеттерді тегіс аралап, тексеріп шығуды жүктеді.

Аймақ басшысы ең бірінші кезекте ауа райы мамандары болжағандай, алдағы күндері күтілген күннің күрт жылынуына байланысты қауіпсіздік шараларын жүргізуді қолға алу қажеттігіне тоқталды.

- Аптаның соңын ала ауа температурасы +12 градусқа, сәуірдің 20-сына қарай +25 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар. Соған сәйкес біз қазірден бастап тиісті жұмыс тобын құрып, шұғыл іске кірісуіміз қажет. Әрбір аудан мен қала бойынша кемшіліктер анықталып, тез арада жою жұмыстары жүр-

гізілсін. Әсіресе гидротехникалық ғимарат-тар орналасқан елді мекендердің әкімдері барлығын аралап, бір-екі күннің ішінде маған қажетті ақпараттарды берсін. Су қондыр-ғылары бар жерлерді қадағалау тәулік бойы жалғассын. Былтырғы жүзеге асырылған іс-шаралар қайтадан қолға алынсын, - деп шегелеп тұрып тапсырған облыс Әкімі өзінің орынбасары Григорий Пинчукке аталған сала мамандарымен бірге облыстағы су қоймаларын, тоғандар мен бөгеттерді тегіс аралап, тексеріп шығуды жүктеді.

Әсіресе Үржар, Зайсан, Күршім, Катонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай аудандары қатаң бақылауға алынатын болды. Дәл қазіргі күні қардың қалыңдығы жылдық нормадан 60-80 пайызға артық, егер ауа райы күрт жылынса, топан су қаптауы кәдік. Осы қауіпті қаперге ұстаған өңір басшысы жергілікті әкімдер мен тиісті орындардың басшыларына барлық су ағарларды тазартып, өзендердің, арықтардың, бұлақтардың арналарын ашуды, су қоймаларының сыйымдылығын, беріктігін, су ағызу мүмкіндігін мұқият тексеруді тапсырды. Бұдан бөлек жердің ылғалдылығын да ескерген абзал, өйткені, былтырғы қалың қар мен күзді күнгі жауын-шашынның әсерінен жердің ылғалдылығы тым артып кетті, шамамен 1,5 метрге жетеді. Соның салдарынан топырақ қарғын суды қабылдамайды, ендеше қар суы қайда бармақ?! Әлбетте, сай-саламен, арық-аңғарлармен сарқырай ағады, одан асса жазық далаға жайылады. Осындай апаттың алдын алу үшін жоғарыда аталған жұмыстарды атқару керек. Жолдар да тазаланып, елді мекендердің арасындағы қарым-қатынас үзілмеуі тиіс.

Келесі күн тәртібіне қойылған мәселе - елді мекендерді тазарту, көріктендіру, әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастырып ағаш отырғызу, гүл егіп, абаттандыруды бастау. Сәуірдің 16-сынан бастап әр сенбі сайын ресми түрде сенбілік өткізіледі. Оған барлығы қатысуға міндетті, жоғарыдағы басшыдан қарапайым жұмысшыға дейін тазалыққа ден қоюы керек. Әсіресе Өскемен мен Семей қаласының әкімдері ұйымдастыру жағына мән беретін болады. Қар кете сала облыс көлемінде жас шыбықтарды отырғызу науқаны қызады. Аймақ басшысының айтуынша, жаңа үйлер бой көтерген Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Көкпекті аудандары мен Өскемен қаласында міндетті түрде ағаш егу қолға алынбақ.

Жердің беті ақ қардан арыла сала білек сыбанып кірісетін келесі бір шаруа - егін егу.

- Маусым, шілде айларында қатты ысып, жауын-шашын болмауы мүмкін. Сондықтан диқандар ертерек қимылдап, жердегі бар ылғалды пайдалану жағын ойластырғандары жөн. Былтырмен салыстырғанда егіс алқабы 6 пайызға артық егілсін. Ол үшін қажетті тұқым да, жер көлемі де бар. Ауыл шаруашылығы мәдениетін сақтап, жоғары сапалы тұқым егуге, тыңайтқыштар мен техникаларды пайдалануға жете көңіл бөлінсін, - деді облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Бұған қоса кеңес барысында алдағы келе жатқан 1-мамыр, 9-мамыр мереке күндерін өз деңгейінде атап өту жағдайы да талқыланды. Біздің облыс көптеген ұлт өкілдері тұрақтаған өңір саналғандықтан, 1-мамырды ерекше ұйымдастыруды аймақ басшысы орынбасары Түсіпхан Түсіпбековке жүктеді. Ардагерлеріміз де ескерусіз қалмайтын болды, 9-мамырда Отан қорғаған, тылда еңбек еткен ата-апалары-мызға тиісті құрмет көрсетілмек. Жалпы, биыл Қазақстанда - үлкен мереке. Ел тәуелсіздігіне - 20 жыл. Осыған орай «20 жарқын іс» деген акция бойынша облысымызда көптеген мерекелік іс-шаралар өткізіледі. «Туған ел - алтын бесігім», «Туған жерге - тағзым», акциялары да өз жалғасын таппақ. Бір айта кететін жайт, биылғы маусым айының басында Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері атап өтілмек. Оған қоса халықты жұмыспен қамту, азық-түлік пен коммуналды қызметтер бағасын тұрақтандыру, меморандумдардың жұмыс істеуін қадағалау, шағын несиелендіруді жүзеге асыру, электр қуатымен, жылумен, сумен үздіксіз қамтуды жолға қою, бөлінген бюджет қаражатын мақсатты жұмсау проблемалары да қалтарыста қалмай, жалғаса береді. Айталық, Семей қаласының жылумен қамтамасыз ету жұмыстарына бюджеттен 7,2 млрд. теңге қаржы бөлінген, енді осы ақшаны дұрыс игеруді қала әкімі бақылауына алуы тиіс. Жастардың спортпен айналысуына мүмкіндік жасау да басты назарда.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ сонымен қатар Өскемен қалалық әкімдігінде жергі-лікті тұрғындармен кездесіп, қалалықтарға Президенттік сайлауда көрсеткен белсен-діліктері үшін ризашылығын білдірді.

- Мен осында арнайы келіп, сіздердің атқарған жұмыстарыңыз үшін алғысымды айтпақпын. Осы сайлауда өскемендіктер

жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін болған кездесуде мен сіздермен кездесу өткізіп, сайлауға салғырт қарамаңыздар деп қатты ескерткен едім, енді сол сөзімді қайтып алдым. Сіздер өздеріңіздің азаматтық ұстанымдарыңызды, еліміздің болашағына алаңдаушылық білдіретіндіктеріңізді байқат-тыңыздар, көп рақмет сіздерге, - деген аймақ басшысы біздің облыста Өскеменнің орны өзгеше екендігін тағы да қайталады.

Көктемде атқарылатын шаһар шаруа-шылығы мұнда да сөз болды. Аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу, мерекелік іс-шараларды ұйымдас-тыру сияқты сан қилы міндеттерді Әкім тиісті құрылым басшыларына жүктеді.

Реті келгенде залға жиналған қарапайым халық та аймақ басшысына деген шексіз ризашылықтарын жаудырып, елдің қамы үшін атқарған  еңбегіне жеміс тіледі.

№38, 6-сәуір, 2011 жыл.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588