Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Сүйінші! 5407 2 пікір 20 Қаңтар, 2019 сағат 16:15

Теменовтің туындысы «Үздік балалар фильмі» сыйлығына ие болды

Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» атты туындысы Бангладеш Республикасының Дакке қаласында өткен 17-халықаралық кино фестивальде «Үздік балалар фильмі» сыйлығына ие болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл фильм Бибол есімді ерекше бала мен музыкант Қасымхан есімді қария арасында болған әсерлі оқиғамен өрілген. Фильмнің негізгі желісі - бала мен қарттың кездейсоқ кездесуі арқылы өрбиді. Фильмдегі драматизм бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлердің соңында етене жақын болып кетулерімен жалғасады.

«Біздің қаланың ханзадасы» фильмі - адамның адамгершілік қасиеттерінің арқасында ғана шын бақытқа жетуге болатынын көрсеткен.

Фильм 2018 жылдың қазан айында прокатқа шыққан болатын.

Abai.kz ақпараттық порталы отандық режессер Талғат Теменовті кезекті жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 945