Жұма, 22 Қараша 2024
Масқара! 9297 25 пікір 20 Қаңтар, 2019 сағат 16:41

Сақалды-намазхан жігіттер де "крещение" рәсіміне қатысты

Православтардың мұзды суға шомылу (крещение) рәсіміне қатысып, жаппай жалаңаштанып, "ойық суға" омалып жатқан қазақтардың көбейгені жайлы былтыр жазған едік. Өткен жылы әншілер шетінен "шоқынып" есті шығарып еді, биыл ол топқа бір топ сақалды-намазхан жігіттердің қосылғанын көріп таң қалдық. 

;feature=youtu.be&fbclid=IwAR3pHIud2Td0V99S8Jd475skMRlk14AX4lQjjFf51oSbW1njyOZi3Kwi-Co

Сақалды жігіттердің бәрі - қазақ. Шамамен оншақты адам. Қауға сақалды олардың бір-бірімен "уағалейкумуәссалам" деп мұсылманша амандасқандарынан және суға әурет жерлерін көрсетпей шалбармен түскендерінен бұ азаматтардың ислам дінін берік ұстанатынын байқауға болады. Видео-таспадан байқағанымыздай жігіттердің дені отызды еңсерген. Тіпті, арасында әппақ шашты һәм сақалды ел-ағасын да байқап қалдық.

Басқа-басқа сақалды дін ұстанатын азаматтардың өзі суға шомылу (крещение) рәсімін орындау ислам дініне қарсы екенін білмегені ме?

Крещение қайдан шықты? Бұл – православ христиандарының  діни мерекесі.  Крещение – суға малу, яғни крестті суға малу дегенді білдіреді. Суға кресттің малынуы суды тазартып, әлгі су  ерекше қасиетке ие болады-мыс. Бұл наным-сенім христиандарға тән.  Крест малынған бұл су – Йордан сулары деп аталады. Себебі, Иса Пайғамбардан бастап ең алғаш шоқынушылар Йордан өзеніне шомылған көрінеді.

Бұл мереке 18 қаңтардан 19-қаңтарға қараған түні аталып өтеді. Шомылудың негізі – крестті суға матыру екенін біле тұра қазақтардың, сол қазақтардың ішіндегі "мұсылмандықты ұстанып жүр" дегендеріміздің өзге діннің рәсімін жасауы нені білдіреді?

Қақаған қыста суық суға түсіп, шоқыну қазақ салтында болған емес. Сөйте тұра салтты, дінді бұзу қазақ санасының, қазақ рухының құлдырағанын көрсетеді. Ал, сақалды жігіттердің бұл қылығы дін ұстанғандардан да түк қайыр қалмағанын аңғартса керек.

Ұстыны – бөлек, ұстанымы – тайғанақ мұндай азаматтардан қайыр күту бекер. Біздің айтпағымыз осы...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1442
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5191