Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
3962 0 пікір 24 Қаңтар, 2019 сағат 09:58

Саратовта жол апатына себепші болған қазақстандық сотталуы мүмкін

Жол-көлік оқиғасы бойынша айыпталып отырған қазақстандық жүргізушінің ісі Ресейдегі Саратов облысы сотында қаралады. Ол жол-көлік оқиғасын туғызып, Өзбекстанның бес азаматының өліміне әкелді деп айыпталып отыр.

Былтыр 17 қарашада автобус пен жүк пойызы Саратов облысы Озинск ауданында соқтығысып, нәтижесінде автобустағы жеті адамның бесеуі қаза тауып, екеуі, оның ішінде жүргізуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Полиция 61 жастағы автобус жүргізушісіне қарсы қылмыстық іс қозғаған.

«Жүргізушіге Ресейдің Қылмыстық кодексінің 264-бап, 5-тармағына сәйкес «Жол ережесін бұзып, екі және одан да көп адамның өліміне әкелді» деген айыппен іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Жүргізуші жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция мәліметінше, Kaessbohrer автобусының жүргізушісі тұманнан бағдаршамды көрмей, пойыз жолынан өтіп кетпек болған. Бірақ ескерту дыбысына құлақ аспады дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1324
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2896
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 909