Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4007 0 пікір 29 Қаңтар, 2019 сағат 09:49

Италия Түркіменстанға 257 млн еуроның қаруын жеткізген

Түркіменстан Еуроодақ (ЕО) елдерінен көлемді қару сатып алып жатыр. Оның көп бөлігін Италиядан алған деп хабарлайды Bellingcat зерттеу тобы.

2008 жылы ЕО елдері репрессивті елдерге қару экспорттауға тыйым салатын ортақ ұстаным қабылдаған. Мұнан бөлек Италияда «Адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияны бұзғаны үшін жауапты үкіметке қару тасымалдауға тыйым салынатын» арнайы заңы бар.

Бұл екі құжаттың адам құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін Түркіменстанға тікелей қатысы болуы керек.

Бірақ бұған қарамастан Еуроодақ есебіне сәйкес, 2007-2017 жылдар аралығында Түркіменстан еуропалық елдерден 370 млн еуроға қару-жарақ сатып алған. Оның 76 пайызын (257 млн еуро) Италиядан алған.

ЕО-ның көп елдері қару экспортын ашық жариялайды. Бірақ Италия бұл ақпаратты жасырады. Дегенмен зерттеу нәтижесінде Түркіменстанға қару экспорттағаны анықталған.

ARX-160 маркалы штурмдық винтовкасы экспорттың негізгі бөлігі екен. Оны 2018 жылдың қыркүйек айында өткен әскери парад кезінде ашық жариялады. 2017 жылы 528 мың еуроға 300 дана винтовка жеткізген.

2018 жылы Тәуелсіздік күнінде өткен әскери парад кезінде Италиядан әкелінген екі AW-109 және екі AW-139 тікұшағы көрсетілді

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052