Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1938 0 пікір 12 Мамыр, 2011 сағат 05:34

«ҚазМұнайГаз» 2011 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын ала қорытындысын шығарды

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы 2011 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын ала қорытындысын шығарды.

Аудиттелмеген алдын ала мәліметтерге қарағанда, компанияның есептік кезеңдегі шоғырландырылған табысы 621 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 18 пайызға артық.

Аталмыш кезеңде  мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі  5,4 млн. тоннаны құрады, бұл 2010 жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 2 пайызға жоғары.

Мұнайды магистралды құбыр желілері арқылы тасымалдау  16,4 млн.тоннаны құрады. Мұнайды теңіз флотымен тасымалдау 11 пайызға өсіп,  көлемі 2 млн.тоннаға жетті. Мұнайды магистралды құбырлармен тасымалдаудағы жүк айналымы 10,8 млрд. тонна-километрді құрады, бұл 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  9 пайызға артық.

Есепті кезеңде 25,5 млрд.текше метрден астам газ тасымалданды, бұл  2010 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 1 пайызға көп.

2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында «ҚМГ» ҰК компаниялары тобында (The Rompetrol Group-ты қоса есептегенде) 3,6  млн. тонна мұнай өңделді.

Аудиттелмеген алдын ала мәліметтерге қарағанда, «ҚМГ» ҰК шоғырландырылған табысы 2011 жылдың бірінші тоқсанында 621 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 18 пайызға артық. Шоғырландырылған табыс 118 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың есепті кезеңінен 78 пайызға жоғары.

Еліміздің бюджетіне 111 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер төленіп,  2010 жылғы деңгейден 9 пайызға артты.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының сатып алудағы жалпы көлемі  951 млрд. теңгені құрады, бұл ретте қазақстандық үлес - 38 пайыз немесе 362,5 млрд. теңге болды.

Сонымен бірге жалпы көлемі 587 млрд. теңгеге сатып алынған тауарлардың ішінде қазақстандық жеткізушілердің үлесі 171  млрд. теңге, немесе қазақстандық үлес 29 пайыз болды.

Жұмыстарды орындауға арналған  шарттардың жалпы көлемі 121 млрд. теңгені құрады, бұл ретте қазақстандық үлес 67%, немесе 81,5 млрд. теңге болды.

Барлығы 243,6 млрд. теңгенің, сонымен бірге қазақстандық жеткізушілерден 110,4 млрд. теңгенің қызметі сатып алынды, қызметтерді  сатып алудағы қазақстандық үлес 45 пайызды құрады.

Еске салайық, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100 пайызы «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475