«Қазақ қыздары Краковте «мат» қойды» - республикалық басылымдарға шолу
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 12 мамыр, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
***
Мұнай мол саналатын Қазақстанда жанармай бағасына қатысты мәселе де мол. Билік соңғы жылдары жанармай бағасының құбылуымен күресіп әлек. Әйтсе де түпкілікті шешімнің тиімсіздігінен баға құбылысы жағаға жармасудан тыйылған емес. Бұған дейінгі әңгіменің барлығында да баға тұрақсыздығына қатысты себеп сыртқы нарықпен байланыстырылып, оп-оңай түсіндіріліп келді. Бұдан кейінгі де себеп солай жалғаса беретін тәрізді. Ендеше, кешегі Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың Мәжіліске мақұлдатқан мұнай өнімдерінің айналымын реттеуге бағаттылаған заң жобасынан не күтеміз? Бұл жайында «Алаш айнасы» газетінің бейсенбілік санында жарық көрген «Ресей нарығына жүгінбей, жанармай бағасын реттеу мүмкін емес» деген мақаладан егжей-тегжейлі біле аласыздар.

Осы басылмның тұрақты «Дат!» айдарында экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер Сайлау Батыршаұлымен арадағы сұхбат «Біз мұсылман елдерімен болатын байланысқа мұқият қарауға тиіспіз» деген тақырыппен берілді. Басылымның барлық сауалдарына тұщымды жауап берген ол: «Ертең бір жағдай бола қалса, ең алдымен көмектесетін қаржылай, тіпті адам күші арқылы көмек беретін бауырлас мұсылман елдері болады. Сондықтан Ислам Конференциясы ұйымы арқылы олармен байланысты барынша нығайта түскен ләзім. Төрағалықтың сәтті өтуі де соған байланысты», - дейді. Сұхбаттың толық нұсқасы бүгінгі нөмірде.
***
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Экономикалық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті одан әрі ізгілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осыған орай «Айқын» газетінің бүгінгі санында «Жаза басқандарды жазалай берген дұрыс емес» деген тақырыппен мақала жарияланды. Басылымның атап өтуінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әкімшілік жазалардың жоғарғы шегі арттырылып, жеке тұлғаларға 500 АЕК-ке дейін, ал жеке кәсіпкерлерге, лауазымды және заңды тұлғаларға 1000 АЕК-ке дейін салық салынбақ.
***
«Айқын» газетінің жазуынша, «Шәкен жұлдыздары-2011» Алматы халықаралық кинофестивалі кеше кешкісін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында салтанатты түрде ашылып, бескүндік жұмысын бастады. Биыл 9-шы мәрте ұйымдастырылып отырған мәдени шараға әлемнің 38 мемлекетінен жас кинематографистер жиналған. Олардан келіп түскен жұмыстар саны - 600. Іріктеу комиссиясының шешімімен 55 туынды конкурсқа жіберілген. Таңдаулы жұмыстар «Дебюттер», «Жастар киносы», «Студенттік кино», «Анимация» секциялары бойынша сарапқа салынады.
***
«Сүйінші, сүйінші, сүйінші! Осы сөзді қазір мың рет айтсақ та жарасатын секілді. Себебі, 30 сәуір мен 8 мамыр аралығында Польшада оқушылар арасында өткен әлем чемпионатында қазақтың шахматшы қыздары Алаш елін әлемге паш етті. Бұған дейін жастар шахматын сөз еткенде Әлем чемпиондары Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова сынды қазақтың қыздары бірден еске түсетін еді. Енді бұлардың қатарына тағы екі чемпионды қосуға болады», - деп жазады «Нұр Астана» газеті. Әлемдік додада топ жарған қаракөз қарындастарымыздың есімдерін білгіңіз келсе, басылымның түгінгі нөмірідегі «Қазақ қыздары Краковте «мат» қойды» деген мақалаға назар аударыңыз.
***
«Астанада «Қазақстан мектептерінде математикалық білім беру ісін дамыту: қазіргі жай-күйі мен даму болашағы» тақырыбында Қазақстанның математика пәнінің мұғалімдерінің І-съезі болды», деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, съезд жұмысына ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев қатысушыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берген. Мемлекет басшысының құттықтауында: «Мен елімізде сапалы білім беру ісіндегі ұстаз рөлінің маңыздылығын түсіну қалыптасқанын қанағат сезіммен атап өткім келеді», - делінген.